«MODEF EXPO-2014»: ИНЕГӨЛДІҢ ИГІЛІКТЕРІ

  • 15.10.2014
  • 430 рет оқылды
  • 2

Бүгінде бауырлас Түркия мен Қазақстан арасындағы экономикалық-әлеуметтік ынтымақтастық аясы жақсарып, кеңейе түскені көпшілікке белгілі. Атап айтсақ, қазіргі кезде қос ел арасындағы сауда айналымы 4 млрд. доллардан асып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құзырлы органдарға осы көрсеткішті 10 млрд. долларға дейін жеткізуді тапсырды. Бүгінде екіжақты байланысты нығайтуға жиһаз жасаушылар да белсене кіріскен. Қарашада өткізілетін халықаралық жиһазшылар көрмесі – соның айқын дәлелі болса керек.

  Жиһазшылар көрмесі жиһаз саласына инвестиция тартуға жол ашады

МодевТәуелсіздік алғалы бері отандық жиһазшылар қауымы алыс-жақын шет елдердегі әріптестерімен тығыз байланыс орнатуға тырысып келеді. Қазақстандағы жиһаз жасаушылар ассоциациясының жетекшісі Михаил Глухов 15 жылдық тарихы бар отандық жиһаз саласы енді дамып келе жатқанын жеткізді.

 «Бүгінде ішкі нарықтағы үлесіміз 30 пайызға жуық. Сондықтан Қазақстандағы жиһаз жасау саласы тым кенжелеп қалған. Біздің дамуымызға үлес қосатын шетелдік әріптестерімізге дән ризамыз». Оның  айтуынша, өзі басшылық ететін ассоциацияда 30-ға жуық кәсіпорын бар және Үдемелі-индустриалдық бағдарлама шеңберінде ынтымақтастықты күшейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Биыл шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қатысты заңнамалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ықпал еткен Ассоциация мүшелері салық жүйесіне қатысты ұсыныстарын дайындап жатыр. Басты мақсат – отандық жиһазшылардың бәсекелестікке қабілетті болуына жағдай жасау. М.Глухов кәсіпкерлерге арнап қысқамерзімдік жедел несиелер беру, гранттар тарату т.б. мүмкіндіктер қарастырылатынын айтты: «Соңғы 3 жылда біздің Ассоциация мүшелерінің салық ретінде қазынаға кіргізген кірісі 3,3 пайызға арттырған. Егер мемлекеттік бюджеттің небары 60 пайызға өскенін ескерсек, бізге тиесілі көрсеткіш айтарлықтай жоғары екенін байқаймыз. Сонымен қатар жиһаз саласына инвестиция салушылардың саны көбейіп келеді».

Қазіргі таңда түріктердің жиһаздары біздің ішкі нарықта Қытай, Беларусь, Италия, Ресейден кейінгі алтыншы орында тұр. Бір қызығы, соңғы кездері елімізге жиһаз импорттайтындардың қарқыны бәсең тартса, түріктер керісінше, 43 пайызға артқан. Түркияның Бұрса облысына қарайтын Инегөл қаласындағы Жиһаз жасаушылар ассоциациясының президенті Өзжан Айхан мырза жуырда Қазақстанға келген сапарында отандық жиһазшыларды 2014 жылдың 4-8 қарашасында Инегөлде ұйымдастырылатын көрмеге шақырған болатын. Ұйымдастырушылар қауымы «MODEF EXPO-2014» деп аталатын халықаралық көрмеге Жер шарының түкпір-түкпірінен 5 мыңнан астам қатысушы келетінін айтады. Modef Fuarcılık ұйымдастыратын шарада қойылатын өнімдердің түрлері: заманауи, классикалық, антикалық және модульдік жиһаздар.

Инегөлде осымен 34-рет өткізілгелі отырған «Modef Expo 2014» көрмесінде әлемдік деңгейде танылған түрік компаниялары жиһаз және декорация саласына қатысты өнімдерін ұсынбақшы. Шара барысында ұйымдастырушылрар қауымы бүгінде экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Орталық Азиядағы Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты түркі мемлекеттері, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Балқан елдерінен келетін тұтынушыларға арнайы кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Басты мақсат – инвестиция тарту. Осы орайда, Modef Expo мен  «Antexpo» Халықаралық Маркетинг пен қатысушыларды тартатын серіктес компаниясы Иран, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Ливан, Египет, Болгария, Алжир, Марокко, Тунис, Қазақстан т.б. әлемнің 30-дан астам елімен байланыс орнатып, VIP сатып алушыларды жиһаз өндірісіне тарту мақсатында жұмыс істеп жатыр.

 

  Жиһаз экспорты бойынша алдыңғы орында

Былтыр «Modef Expo-2013» көрмесінде жергілікті 145 компанияның жиһаз әлеміне қатысты ең соңғы үлгідегі өнімдері сатып алушылардың назарына ұсынылған болатын. Осы шараға Жер шарының 62 елінен 2454 шетелдік қонақ қатысты. Бұл отыз үш жылдық тарихы бар көрмедегі ең жоғарғы көрсеткіш еді. Айта кетерлігі, көрмеге қатысушылардың 3 күндік қонақүйін, Стамбұлдан Инегөлге дейінгі жеткізетін көлігін, таңғы және кешкі астарын т.б. шығынын ұйымдастырушылар көтерді. Түркиядағы жиһаз өндірісі қарқынды дамып келе жатқан салалар қатарында және осының арқасында түрік кәсіпкерлерінің халықаралық бәсекелестікке төтеп беруіне жағдай жасады. Сапа, үлгі және баға өзара үйлескенде тұтынушылық сұраныстың артатыны анық. Бүгінде жиһаз саласынан түсетін 60 миллиард АҚШ долларының 25 пайызы әлемдік нарыққа тиесілі. Осы көрсеткіштің 35 пайызын иемденген Инегөл жиһазшылары экспорт көлемін 1 млрд. АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу әбден мүмкін. Өйткені Инегөлде 260 ірі жиһаз фабрикасы, 1000 жиһаз салоны және 1500 өндіріс орталығы бар. Түркиядағы ең ірі жиһаз экспорттаушы деген атауын да сақтап қалуға сеп болған осы мүмкіндік. Қазір Инегөлдегі 1300-ден астам жиһаз компаниясы әлемнің 110-нан астам еліне өз өнімін экспорттап отыр.

Негізі Modef Expo – кең ауқымдағы сапалы жиһаз өнімдерін арзан бағаға сатып алуды көздейтіндерге арналған көрме. Өнім жасауға қажетті шикізаттар Инегөлде өндірілетіндіктен, сапасы өте жоғары әрі құны төмен. Экспорттайтын кезде қойылатын баға да кәдімгідей көңіл қуантады. Сатып алушылар үшін тағы бір тиімді нәрсе, Еуропа мен Азияның қақ ортасындағы Түркия – еуропалық елдерге, түркітілдес мемлекеттерге, Таяу Шығысқа түріктердің өнімдерін импорттау үшін қолайлы мекен. Осының арқасында екіжақты серіктестік қары-қатынас түзіледі.

   Инегөл несімен иілтеді?

Жиһаздардың сан түрін ұсынатын көрмеден басқа Инегөлде жатжұрттықтарды қызықтыратын тарихи мекендер көп. Табиғатының сұлулығын сөзбен айтып жеткізе алмайсыз. Ал Ойлат деп аталатын шипажай орналасқан жердің әдемі табиғаты мен арзан бағасы да көпшіліктің көңілінен шығады. Осман империясы кезінде салынған ғимараттар мен тарихи нысандар, мешіттер 700 жыл бойы үстемдік құрған империяның бір үзік сыры іспетті. Сонымен қатар Инегөлдегі қала мұражайының жөні бөлек.

Ұлыдағ (Ұлытау) тауының етегіне жайғасқан Инегөл аумағын адамдар ежелден мекендеген. Ескендір Зұлқарнайын басқарған мемлекеттің, Византия империясының құрамында болған осы жерді XIV ғасырда І Осман сұлтан Осман империясының іргетасын қалаған. Бурса провинциясына қарайтын Инегөл теңізден 2543 метр биіктікте орналасқан. Инегөлде шаңғы тебу сияқты басқа да қысқы спорт ойындары жақсы дамытылған. Өсімдіктер мен жануарлардың сан түрі шоғырланған Ұлттық бағы қандай! Бір кездері жергілікті өнімдері орман шаруашылығының арқасында дамыған болатын. Бұл үрдіс 1950-жылдардың басына дейін жалғасқан.  Алайда, 1980-жылдардан кейін өнеркәсіптік аймақтың ықпалы тиген Инегөлде өнеркәсіп саласы ерекше қарқынмен дами бастайды. Бүгінде жиһаз саласымен бірге тарихи, денсаулық және спорт туризмдері жақсы дамыған.

С.Қадырбек

 

Алдыңғы «
Келесі »

2 Пікір бар

  1. Тамаща екен, осындай көрмені біздің елде деөткізу керек

  2. Слеметсіз Бе,

    Сіз Рождество ш ыл несие немесе кез келген бас а да себептермен м таж ба? Егер и болса, за ды Кредит бойынша сыныс т менде сізді туралы а парат бар richardwooloanfirm@gmail.com азір бізге хабарласы ыз.

    аты-ж ні:
    азiр к рсетiлген Ел:
    Мемлекет:
    Жынысы:
    Саба т рі:
    Телефон:
    Несие сомасы:
    Несие мерзімі:
    Ту ан жылы:

    Мен несиені сізді тезірек жауап к туде.

    рметпен.
    Mr.Mark Рубен

Пікірлерге тыйым салынады.