Түркі Академиясын құру туралы Келісім ратификацияланды

  • 15.10.2014
  • 332 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Түркі Академиясын құру туралы Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Еске сала кетейік, 2009 жылдың 3 қазан күні Әзірбайжанның Нахчыван қаласында өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемін зерттейтін арнайы орталық құруды және  Түркі академиясын құруды ұсынған болатын.

Ал 2012 жылдың 23 тамыз күні  Бішкекте Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің кеңейтілген құрамындағы отырысы кезінде Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия  өкілдері Түркі академиясын құру туралы келісімге қол қойылды. Келісімде  академия Астанада құрылады деп көрсетілген. 

Алдыңғы «
Келесі »