Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттердің сыртқы саясатын конституциялық реттеу

  • 07.03.2012
  • 9645 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Ә.С. Балапанова

саяси ғылымдардың докторы,

әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ-дың профессоры,

Ә.С. Қайдарова

саяси ғылымдардың докторы

Ислам ынтымақтастығы ұйымына 2011 жылғы Қазақстанның төрағалығы мұсылман қауымдастығының Орталық Азия аймағындағы мәселелерге, жеке алғанда  Қазақстанның мұсылман әлемі мемлекеттерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының нығаюымен бірқатар жобаларды жандандырумен байланысты назарын аудартады. Мұнымен байланысты ИЫҰ-на бірқатар мүше-мемлекеттердің сыртқы саясатының конституциялық негіздерін зерттеу орынды болып табылады.

Сыртқы қатынастардың конституциялық қағидалары – бұл тәжірибелік саясат iске асатын өзiндiк құқықтық шеңберлер болып табылады. Оның берiлгендiгi және бағытталғандығы  шешуші деңгейде осы саясатты жүзеге асыру барысында жүзеге асырылатын биліктің әлеуметтік табиғатына, саяси дамудың динамикасына, әлеуметтiк идеалдар мен көзқарастарға тәуелді.

Араб елдерінің сыртқы саясаты мемлекеттік қызметтің маңызды салаларының бірі ретінде ұзақ уақыт бойы толықтай конституциялық реттеуден тыс болды.

Отаршылдық кезеңдегі екі дүниежүзілік соғыстар арасында қабылданған (1923 ж. Египеттің конституциясы, 1924 ж. Ирак, 1926 ж. Ливан, 1928 ж. Трансиордания, 1930 ж. Сирия, 1939 ж. Кувейт) бірінші конституциялық актілер толықтай батысеуропалық үлгіде құрастырылды және араб елдері тек ішкі ғана емес, сонымен қатар сыртқы саясатта олардың саяси бағытында фарватерге сөзсіз тiл алатындығын болжай отырып, сыртқы саяси салада барлық басымдықтар колониалды державаларға берілді. Тек жаңа араб конституцияларында сыртқы саясаттың мәселелері бойынша бірқатар принципиалды ережелер пайда бола бастады.

Аталған немесе басқа араб мемлекеттерінің сыртқы саяси бағытын жүргізу мен қалыптасуға қатысты конституциялық нормаларын екі аспектіде қарастыруға болады: сыртқы саясаттың маңызды принциптерін нығайтқан нормалар және сыртқы саясатты (мемлекет, үкімет, парламент басшысы) жүргізуде жоғары мемлекеттік органдардың өкілеттілігін нығайтатын нормалар.

Араб мемлекеттерінің сыртқы саяси принциптерін конституциялық нығайтуда негізгі заңға барынша болмашы орын берілгендігін атап өту керек.

Конституцияларда ережеге сай сыртқы саяси бағытқа арналған жеке бөлімдер мен тараулар болмайды.

Декларативті түрде мұндай нормалар конституцияның алғы сөзінде немесе жекелеген баптарда көрніс таба алады.

Әйтсе де, араб мемлекеттерiнiң сыртқы қатынастарының конституциялық қағидалары жалпы алғанда барынша үлкен сыйымдылықпен және тұжырымдардың көп нұсқалығымен бейнеленедi.

Бiр жағдайларда оларда жұртқа белгiлi барынша ортақ сыртқы саясаттың фундаментальді негiздері, басқаларында – нақты халықаралық-құқықтық міндеттемелер көрініс табады.

Бұл өзінің ең негізгі принциптерінің күрделі ішкі құрылымымен және заң шығарушының ұмтылысымен олардың жүзеге асуының белгілі құқықтық тетiгiн жасау немесе жоспарлаумен байланысты.

Араб елдерiнің көпшілігі халықаралық аренада қоғамдық және мемлекеттiк құрылыстан тәуелсiз мемлекеттердiң бейбiт қатар өмiр сүруi қағидасын белсенді түрде жақтайды.

Әлем және әдiлеттiліктiң идеалдарының жолын ұстаушылық көп елдердiң ұлттық заңдарымен жарияланады, ол соғысқа қарсы жиi конституциялық қаулыларда, соғыстан бас тартатын ұлттық саясаттың құралы ретінде және бейбiт құралдар көмегi арқылы мемлекетаралық дауды шешу ниеті өз көрінісін табады.

Тунис Конституциясының кiрiспесiнде «бейбітшіліктің, өрлеудің және ұлттардың еркiн ынтымақтастығының пайдасына» қызмет етуі осы мемлекеттің халқының ұмтылысы жарияланған [1]. Катардың Конституциясының мемлекеттің маңызды міндетінің қатарына сыртқы қатынастар саласында «бейбітшілікті сақтау үшін күш салудың қажеттілігі» жатады [2]. Египет Араб Республикасының конституциясында осыған ұқсас тұжырымдар мазмұндалған [3].

Оманның конституциясының алғы сөзінде халықаралық сахнада осы елдің ұстанымын күшейту шешімі және оның түрлі мемлекеттер мен халықтар арасындағы ынтымақтастық пен әділеттілік, қауіпсіздік, бейбітшілікті орнатудағы рөлі айқын жарияланған. Осылайша Конституцияның «Мемлекеттік саясаттың жетекші принциптері» атты 2 бөлімінде халықтар мен мемлекеттердің қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қамтамасыз ету Оманның басқа мемлекеттермен қатынасының принциптері «өзара сыйластық, ортақ мүдде, ішкі істерге араласпау, халықаралық және аймақтық құжаттар мен келісім шарттарды және халықаралық құқықтың жалпы мойындалған принциптерін орындау жарияланды (10 бап).

Кувейт конституциясының кіріспесінде араб ұлтшылдығын нығайтуда осы мемлекеттің рөлін нығайтуға сенім, халықаралық бейбітшілік пен адамзаттық өркениетті дамытуды қамтамасыз ету бейнеленеді. Бұл жерде Кувейттің халықаралық ұстанымын нығайтуға ұмтылыс көрініс тапқан [4].

Араб елдері Конституциялық заңдарында көбінесе оның негіздерін анықтауда барынша маңызды халықаралық-құқықтық актілерге сүйенуге кез келген ұмтылуды немесе сол немесе басқа халықаралық мәселені шешуде ерекше қызығушылықты бейнелейтін өзінің сыртқы саясатының кейбір басқа да принциптерін жариялайды.

БҰҰ Жарғысының, адам құқығының Жалпыұлттық декларациясының мақсаты мен принциптеріне сілтеме барынша жиі кездеседі. Кейбір конституцияларда нәсілдік бөлінушілікпен күрес қажеттілігі көрсетіледі.

Марокконың конституциясының алғы сөзінде мемлекеттің бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау үшін жұмыс істеу шешімін растайды. Алғы сөзде Марокко корольдігі белсенді мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың қызметі аясында мемлекеттік саясатты жүргізу қажеттілігі және осы ұйымдардың жарғысынан туындайтын принциптер, құқыпен міндеттемелерді, жеке алғанда адамның жалпы мойындалған құқықтарын құрметтеу жарияланғанын атап өту маңызды [5].

Йемен конституциясының «Мемлекеттің негізі» бөлімінде мемлекеттің БҰҰ Жарғысын, Адам құқығының Жалпыұлттық Декларациясын, Араб мемлекеттерінің Лигасының Жарғысын, сондай ақ халықаралық құқық нормаларын ұстанатындығы жарияланған [6].

Жоғары Революциялық Кеңес қабылдаған Ливия конституциясының алғы сөзінде ливия халқының атынан араб әлемінің басқа мемлекеттерімен өз бауырларымен бірге «империализм жаулап алған араб жерінің әр дюймін қайтару үшін» күресу мен «түбектен мұхитқа дейінгі бауырларды біріктіруге кедергі келтіретін барлық бөгеттерді жою» шешімін бейнелейді. Алғы сөзде сондай-ақ бейбітшілікке әділеттіліксіз қол жеткізу мүмкін еместігіне сенім білдіріледі, империализммен күрсетін және «реакция одағы мен империализм» табиғи байлықтарына қарамастан мемлекеттік аппаратты жаулап алған сыбайлас жемқорлықтың себебінен осы мемлекеттердің әлсіз дамуына жауапты екендігін айқын түсінетін барлық халықтармен қарым-қатынасты күшейтудің маңыздылығы атап өтіледі.

Конституцияның алғы сөзі сияқты, Ливия конституциясының да ашық идеологияланған сипатта екендігі айдан анық [7].

Идеологияланған конституцияға Сирияның конституциясын жатқызуға болады, оның алғы сөзінде араб ұлтының «империализм күштерімен, сионизммен пайдаланумен, қанаумен» күресінің тарии себептері айтылған.

Конституцияның алғы сөзінде «қандай да бір араб мемлекетіне колониализм мен сионизм жағынан төнетін кез келген қауіп, сол уақытта бүкіл араб ұлтына төнетін қауіп болып табылады [8].

1981 ж. 28 маусымда адам құқығының Африкалық Хартиясында және 1948 ж. 10 желтоқсанындағы адам құқығының Жалпыұлттық декларациясында, сонымен қатар Мавритания қол қойған халықаралық келісімдерде анықталғандай Мавритания конституциясының алғы сөзінде мемлекеттің ислам мен демократия принциптерін ұстанатындығы жарияланады. Алғы сөзінде Мавритания халқы басқа ағайын халықтармен мұсылман, африкан және араб халықтарымен бірге бола отырып, барлық әлемде бейбітшіліктің нығаюына, Ұлы Магриб пен Африканың бірлігіне қол жеткізу үшін жұмыс істейтіндігі салтанатты жарияланған [5].

Алжирдің конституциясында «Мемлекет туралы» бөлімінде: «Алжир соғыстан басқа халықтардың еркіндігі мен заңсыз суверенитетіне қастандықтың құралы ретінде бас тартатындығы» айтылады. Ол халықаралық дауларды бейбіт құралдармен реттеуді қолдайды» (26 бап). Алжир саяси және экономикалық азаттық үшін, өз тағдырын өзi шешу құқығы мен нәсілдік кемсітудің кез келген түріне қарсы күресетін барлық халықтар да тілектес. Алжир халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды, теңдік пен өзара мүдде негізінде мемлекеттер арасындағы достастық қатынасты дамытуды, ішкі істерге араласпауды жақтайды. Ол БҰҰ Жарғысының ( 27, 28бап) мақсаттары мен принциптеріне адал [9].

Көптеген араб мемлекеттеріндегі ынтымақтастық пен бірлік принципі белгілідей, этнодіни немесе аймақтық ынтымақтастықпен байланыстырылады. Мысалы, Тунистің конституциясының алғы сөзінде «Ұлы Магрибтің бірлігіне сенімділікті сақтауға» ұмтылыс айтылады, «араб халықтарының отбасына» жататындығы мен «жарқын болашақты құруда Африка халықтарымен ынтымақтастыққа» ұмтылысы айқын көрінеді.

Марокконың Конституциясы «болашақ африка мемлекеті бола отырып, ол африкалық бірлікке қол жеткізуді өз мақсаты етіп қоятынын жариялайды.

Катардың негізгі заңының 5 бабы сыртқы саясаттың принциптерін барынша нақты және толықтай бекітеді.

Бұл жерде мемлекеттің «барлық араб мемлекеттерінің одағы…өз аймағында және барлық ұлы араб отанында ынтымақтастық пен бейбітшілік» үшін мемлекеттің күреске ұмтылысы жарияланады. Мемлекет бауырлас мемлекеттермен бірлікті қамтамасыз ететін қызметін, осындай одағын нағайтуға себеп болатын барлық шараларды қолдайды. Өз жағынан Катар осындай шаралардың жүзеге асуына және «араб ұлтының бірлігін нығайтуға және бауырлас араб мемлекеттерімен бар ынтымастықтың арнасының нығаюына» қол жеткізетініне кепілдік береді.

Катар Біріккен Ұлттар Ұйымы мен қазіргі халықаралық құқықпен бекітілген басқа елдердің принциптерін орындауға жәрдемдесуге және орындауға міндеттенеді: бейбітшілікті сақтау; «өзара сыйластық пен бейбіт ынтымақтастық негізінде барлық бейбіт сүйгіш елдер мен халықтармен достастық қатынастарды орнату мен ішкі істерге араласпау»; «халықтардың өз тағдырын өзі шешу құқығының» сақталуы; «агрессияның көріністері үшiн барлық күшті қолдану»; «мемлекетаралық қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен реттеуге дайындық» және т.б.

Осылайша, конституция мәтінінде араб елдерінің сыртқы саясатының ортақ принциптері, негізінен халықаралық құқықтың ортақ принциптерінің аясында болды, алайда кейбірі идеологиялық нормалар осы белгілерден тыс жатыр. Барлығына ортақ сыртқы саяси принциптердің бірі араб бірлігіне ұмтылу болып табылдаы. Сонымен қатар араб елдерінің сыртқы саясатының ортақ бағыттарын конституциялық реттеу сыртқы саяси бағытты тұрақтандырудың барынша нақты және дәл айқын нұсқаулары мен оны жүзеге асыру формаларының жоқтығын атап өту керек.

Әдебиет:

  1. Тунисская Республика. Под ред. О.В. Левина. М. 1993.
  2. Исаев В.А., Филоник А.О. Государство Катар: проблемы развития. М. 1999.
  3. Муромцев Г.И. Конституции арабских государств. М. 1982.
  4. Государство Кувейт. М. 1999.
  5. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М. 1997.
  6. НДРЙ. Конституция и законодательные акты. М. 1985.
  7. Егорин А.З. Современная Ливия. М. 1996.
  8. Сирийская Арабская Республика. Под ред. В.М. Ахмедова, В.А. Исаева, А.О. Филоника. М. 1997.
  9. Сапронова М.А. Политика и конституционные процесс в Алжире. М. 1999.
Алдыңғы «
Келесі »