Алматы қалалық Мәслихатының хатшысы болып Қалдыбай Қазанбаев сайланды

  • 14.10.2014
  • 351 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін Алматыда V-ші шақырылымдағы қалалық Мәслихаттың кезектен тыс XХXII сессиясы болып өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутаттардың бас қосуына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты. Сессия жұмысы барысында қалалық Мәслихаттың шешімімен Қалдыбай Қазанбаев жаңа хатшы болып сайланды. Мәслихаттың бұрынғы хатшысы Төлеубек Мұқашев ҚР Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты болып сайланғандықтан, қалалық Мәслихаттың шешімімен өз қызметінен мерзімінен бұрын босатылды.

Айта кетелік, Төлеубек Мұқашев 12 жыл қатарынан қалалық Мәслихат депутаты болды. 2002 жылдан – Алматы қалалық Мәслихатының ІІ, кейін ІІІ шақырылымдарының хатшысы. «Парасат», орденімен, «Астана», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған, «Қазақстаның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағын иеленген.

Ал Қалдыбай Омарұлы Казанбаев 1990 жылдан бүгінгі күнге дейін «Алматылифт» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарып келеді. 2007 жылдан «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының IV, V шақырылымдарының депутаты. «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл», «ҚР Парламентіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Алдыңғы «
Келесі »