И.Тасмағамбетов Мемлекет басшысына Астананың әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады

  • 13.10.2014
  • 329 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп ҚазАқпарат.

И.Тасмағамбетов Мемлекет басшысын елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ инвестициялық жобалар мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жөнінен хабардар етті.

Қазақстан Президенті Астананың өз-өзін қамтамасыз ету деңгейі өсіп келе жатқанына және оған жұмсалған қаражаттың айтарлықтай тиімділігі байқалатынына назар аударды.

И.Тасмағамбетов инвестиция, құрылыс, қызмет көрсету және сауда сияқты салалардың дамуында оң қарқын бар екенін айтты. Қала әкімі республикалық бюджеттен трансферттелетін қаржы көлемі шаһардың өз кірісінің молаюы есебінен азайып келе жатқанын да атап өтті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Алдыңғы «
Келесі »