Елбасы Патриарх Кириллді 2015 жылы Астанада өтетін V Съезге шақырды

  • 13.10.2014
  • 217 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылғы 13-15 қазанда жұмыс бабындағы сапармен Мәскеуде болады деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Сапар аясында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен келіссөз жүргізеді. Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі Хатшылығының басшысы Мәскеу және күллі Ресейдің Патриархы Кириллге Президент Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өтетін V Съезге шақыруын тапсырады.

Қ.Тоқаевтың одан басқа Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (университетінің) 70 жылдығына орай Кремль сарайында өтетін салтанатты отырысқа қатысуы жоспарланған.

Алдыңғы «
Келесі »