• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Ақпарат
  • >
  • Кездесу барысында А.Баталов Қаскелеңдегі С.Демирель атындағы университеттің студенттерін толғандырған мәселені шешіп берді

Кездесу барысында А.Баталов Қаскелеңдегі С.Демирель атындағы университеттің студенттерін толғандырған мәселені шешіп берді

  • 12.10.2014
  • 347 рет оқылды
  • Пікір жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы С.Демирель атындағы университеттің студенттерімен кездесті, деп жазады облыстық әкімдіктің ресми сайты.

Облыс басшысы бүгінгі күні жастарға жасалып отырған қамқорлық, жастар саясатын жүзеге асыру, Елбасының бастамасымен қолға алынған "Болашақ", «Дипломмен ауылға» секілді маңызды бағдарламалардың жастарға беретін мүмкіндігі жайлы баяндап берді. Сол сияқты білім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселесін де тілге тиек етті.

Кездесу өзара пікір алмасу түрінде өтті. Жастар облыс басшысынан болашақта жастарға арналған қандай нысандар салынатынын, волейболды дамытуға қатысты қандай шаралар қолға алынатынын, Қаскелең қаласын дамыту жоспарына сәйкес Алматы мен Қаскелең арасына электропоезд жүргізу қашанға жоспарланғанын сұрады. Сондай-ақ, Амандық Ғаббасұлының өмірлік ұстанымына, жеке өміріне қатысты да сауалдар қойылды.

Өңір басшысы студенттердің барлық сұрақтарына толыққанды жауап қайтарды. Олар көтерген кейбір мәселелер бірден шешімін тапты деуге де болады. Мәселен, университет алдындағы жолдан автокөліктер үлкен жылдамдықпен өтетіндіктен, жастардың өмір қауіпсіздігі үшін аспалы жол салу туралы өтініш айтылған еді. Осыған байланысты Амандық Баталов аспалы жол салудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуді аудан әкімі А.Дәуренбаевқа тапсырды.

Осы сапарында облыс басшысы университеттің білім беру ісімен және материалдық-техникалық базасымен танысты.

Алдыңғы «
Келесі »