Мәжілістегі Үкімет сағатында оқулық тапшылығы төңірегіндегі мәселелер талқыланады

  • 12.10.2014
  • 278 рет оқылды
  • Пікір жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ертең, 13 қазанда Парламент Мәжілісінде Білім және ғылым министрінің қатысуымен Үкімет сағаты өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Үкімет сағаты «Оқушыларды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету проблемалары мен шешімдері» тақырыбында өтпек. Осыған орай,  аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов баяндама жасайды деп жоспарланған. Бұдан бөлек, министр депутаттар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беретін болады.

Алдыңғы «
Келесі »