Түркіменстан алдағы жылы 1.6 млн. тонна бидау алуды жоспарлап отыр

  • 12.10.2014
  • 281 рет оқылды
  • Пікір жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2015 жылы Түркіменстанда 1.6 млн тонна бидай астық алу жоспарланды, деп хабарлады trend.az сайты елдің Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Нақтырақ айтқанда, Ахал облысы 450 мың тонна, Дашогуз 300 мың тонна, Лебап уәлаяты 350 мың тонна, Мары уәлаяты 380 мың тонна, Балқанда 120 мың тонна астық алу мақсат етілген.

«Нейтральный Туркменистан» газетінің сенбі күнгі шығарылымында «860 мың гектарды құрайтын барлық егіс алқаптарында егін салу науқаны аяқталды», деп жазды.

«Бүгінгі таңда барлығы 730 мың гектардан астам жерге бидай себілген, бұл барлық егіс алқабының 85 пайызын құрайды. Күнделікті 12 200 (1.5 пайыз) гектарға бидай себіледі», — делінген мақалада.

Алдыңғы «
Келесі »