Қазақстанда бірінші рет R&D және технологиялық кәсіпкерлік бойынша семинар-тренинг өтеді

  • 12.10.2014
  • 365 рет оқылды
  • Пікір жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат – 13 қазан күні Астанадағы «КИНГ» қонақ үйінің конференц-залында «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ  ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Инновация, ғылым және технологияның халықаралық орталығымен бірлесе отырып ЮНЕСКО қамқорлығы аясында «R&D сұраным дайындығы және ТМД елдері үшін технологиялық кәсіпкерлікті дамыту» атты семинар-тренинг ұйымдастырады, деп хабарлайды аталған мекеменің баспасөз қызметі.

Семинарға ТМД мемлекеттерінен технологиялық кәсіпкерлік, технологияларды коммерцияландыру, зияткерлік меншік, патенттік құқықтар және R&D зерттеулері саласы бойынша мамандандырылған 30-дан аса ғалым қатысады. Олардың 15-і, яғни қатысушылардың  50%-ы  – Қазақстан өкілдері. Семинардың бағдарламасы технологияларды, патенттерді коммерцияландыру барысына тікелей атсалысып жүрген зерттеушілер мен практик мамандарға бағытталған.

Семинардың мақсаты ғылым, технология және инновация саласында негізгі біліктілікті дамыту және жаңа білім алу болып табылады. Бұлардың әлеуметтік-экономикалық өркендеуді қамтамасыз ету үшін инновациялық даму мәселелерін шешуде қолданылуы өзекті.

Семинарға қатысушылар технологиялық кәсіпкерлік, патенттік құқылар, ғылым саласындағы стратегиялық басқару, технологияларды коммерцияландыру және оларды іс жүзінде пайдалану, ғылыми қызметтің нәтижелерін алға жылжыту сияқты халықаралық тәжірибелермен танысады.  Семинарда арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар дәріс оқитын болады.

Алдыңғы «
Келесі »