Загребте «Қазақстан-Хорватия» достық қоғамы ашылды

  • 12.10.2014
  • 288 рет оқылды
  • Пікір жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат — Загребте «Қазақстан-Хорватия» достық қоғамының ашылуы болды. Салтанатқа танымал хорваттық ғалымдар, беделді саясат және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, бизнестің өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Хорватияның шетелдермен достық қоғамы үйлестіру кеңесінің төрағасы Андрия Карафилипович Қазақстан мен Хорватия 1992 жылғы қазанда дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бері сенімді әріптестер болып отырғанын атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының Хорватиядағы елшісі Аслан Мусин қазақстан-хорваат қатынастарының жай-күйі мен келешегі туралы айтып берді.   Ол біздің елдеріміз арасындағы достық қоғамы күн тәртібін жаңа идеялармен толықтыруда, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы тікелей байланыстарды дамытуда маңызы рөл атқаратынын атап өтті.

Қазақстандық дипломат қоғам алдында тұрған мәдени және білім ынтымақтастығын, әртүрлі форумдар, көрмелер, cондай-ақ өзара ағарту шараларын өткізу, екі ел экономикасына инвестициялар тарту қажеттігі туралы айтты. А.Мусин Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының, Хорватия сыртқы істер министрі Весна Пусичтің қазан айының соңында Қазақстанға сапары қарсаңында бұл жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. 

Достық қоғамының құрамына көрнекті қайраткерлер енді. Экономика экс-министрі және Загреб қаласының мэрі Давор Штерн Достық қоғамының төрағасы болып сайланды. Құрметті төрағасы болып Хорватияның экс-президенті С. Месич сайланды.

Алдыңғы «
Келесі »