Нұрсұлтан Назарбаев саммиттерге қатысу үшін Минскіге келді

  • 10.10.2014
  • 218 рет оқылды
  • Пікір жоқ

МИНСК-АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Минскіде ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстары өтеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саммиттерге қатысу үшін Беларусь еліне келді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТМД Мемлекет басшылары кеңесі отырысының күн тәртібінде гуманитарлық, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзге де салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 17 құжат жобасын қарау жоспарланып отыр.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесі отырысында ЕурАзЭҚ жұмысының қорытындысы шығарылып, оның қызметін аяқтау (2015 жылдың 1 қаңтарынан) туралы шартқа қол қойылады деп күтілуде.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында 2015 жылғы 1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақтың іске қосылуына байланысты қаржылық-ұйымдастырушылық, техникалық аспектілер, сондай-ақ тауар және қызмет түрлерін саудалау, капитал және жұмыс күшінің көшуі секілді өзекті мәселелер талқыланатын болады. 

Алдыңғы «
Келесі »