Қазан айының ортасынан бастап жауын-шашын қарға ұласады

  • 08.10.2014
  • 399 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан аумағына суық арктикалық фронтты ауа райы жылжып келеді. Осының әсерінен қазанның 7-нен 9-ына дейін ел аумақтарында күн суытып, кей жерлерде қар жауады,-деп хабарлайды Nur.kz.

 

Бұл туралы "Қазгидромет" орталығынан хабарланды.

Синоптиктердің болжауынша, солтүстікте екпінді жел тұрып, түнде -8 градусқа дейін суытады. Жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.

Оңтүстікте түнде -3 градус, күндіз +5 градус шамасында болады.

Тек батыс облыстарда әдеттегі нормадан 3 градусқа дейін көтеріліп, жылы ауа райы сақталады.

Жалпы, биыл қыс ерте түсуі мүмкін. Мамандар, қазан айының ортасынан бастап жауын-шашын қарға ұласып кетеді, деп болжауда.

Алдыңғы «
Келесі »