Қазақстан инфляция деңгейі жоғары елдер қатарында

  • 08.10.2014
  • 300 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Армения ұлттық статистика қызметінің мәліметінше 2014 жылдың сегіз айындағы көрсеткіші бойынша ТМД елдерінің инфляция деңгейі анықталды. Бұл тізімде Қазақстан инфляция деңгейі жоғары елдер қатарында тұр дейді ,-деп хабарлайды   Baq.kz.

Армения ұлттық статистика қызметінің баға статистикасы және халықаралық салыстыру бөлімінің жетекшісі Гурген Мартиросян .«Бұлардың ішінде 12,9%-бен Украина, 12%-бен Беларусия, 5,6 %-бен Ресей, 5,4 % -бен Қазақстан елдері жоғары инфляциялық көрсеткішпен тіркеліп отыр» дейді Гурген Мартиросян .

Сонымен қатар осы жылдың сегіз айының ішінде 27 елде дефляция, яғни айналымдағы банкнот пен қағаз ақшаның сатып алу құнын күшейту үшін олардың санын азайтуға қатысты жағдайы тіркелген болса, 19 мемлекетте ақша құнсыздануы белең алып отыр дейді ол.

Оның сөзінше, жоғары дефляциялық көрсеткішке 4,4 %-бен Мальта, 3,1%-бен Кипр, 2%-бен Греция, Италия мемлекеттері ие.

Тамыз айындағы есеп-қисап бойынша Еуроодақ құрамындағы 27 елдің 15-де дефляция байқалса, инфляциялық көрсеткіш 3 мемлекетте сол күйінше сақталып отыр дейді Армения ұлттық статистика қызметінің баға статистикасы және халықаралық салыстыру бөлімінің жетекшісі Гурген Мартиросян.

Алдыңғы «
Келесі »