Сенат Төрағасы АҚШ-тың Қазақстандағы алғашқы елшісі Уильям Кортниді қабылдады

  • 08.10.2014
  • 357 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы алғашқы (1991-1995 жылдардағы) Елшісі, Америка-Қазақстан бизнес қауымдастығының президенті Уильям Кортниді қабылдады ,-деп хабарлайды   Baq.kz.

Сенат Төрағасы соңғы жылдарда ядролық қаруды таратпау, қауіпсіздік және экономика салаларында өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне шыққан Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестікті дамытуға Қазақстан зор маңыз беретінін, бұған біздің елімізде болған америкалық елшінің сіңірген еңбегі аз болмағынын атап өтті.

У.Кортни біздің еліміздің экономикалық даму саласындағы елеулі табыстары уақытында жүргізілген экономикалық реформалардың арқасында мүмкін болғанын айтты. Мұндай саясат Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының арта түсуіне ықпал етті. Америкалық өкілдің айтуынша, АҚШ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі болып отыр.

У.Кортни Қазақстанның геосаяси төңірегіндегі болып жатқан оқиғалар тұрғысында аса маңызды болып отырған ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, нарықтық экономикаға негізделген ішкі саяси тұрақтылықты қолдау жөніндегі Президент Н.Назарбаевтың көреген және сындарлы саясатын атап өтті.

Алдыңғы «
Келесі »