«Электрондық құжат айналымы» жүйесінің арқасында 50 мыңнан астам тонна қағаз үнемделді

  • 07.10.2014
  • 592 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстанның мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі қызмет еткен 9 жылдың ішінде 53,68 мың тонна қағазды үнемдеуге мүмкіндік берді,-деп хабарлайды Вaq.kz .

Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (БЭҚАЖ) 2006 жылы жеделділікті жоғарылату мен басқару шешімдерінің сапасын арттыру және мемлекеттік органдарды іс қағаздардың қағазсыз технологиясы мен электрондық құжат айналымын қолдануға ауыстыру мақсатында ензілді. Қазіргі таңда БЭҚАЖ 93 орталық және 1711 аймақтық мемлекеттік органдарында қолданылады, деп хабарлады ИДМ.
«Бұрынғы кезде министрліктен басқа облыстың аудандық әкімшілігіне немесе аймақтық органына дәстүрлі поштамен хатты жеткізу үшін 5-7 күн керек болатын. Электрондық құжат айналымы жүйесінде бұған не бары 15 минут қажет», – деп хабарлады ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттану мен ақпарат комитеті ақпараттық технологияларды дамыту департаментінің директоры Құралай Елеусізова.
БЭҚАЖ құжаттар қорын құрылымдау; жауап беру, сұранымды құру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді; жетекшілердің тиімділігін айқындауды қамтамасыз етті; құжатты келісімдеу үшін кабинеттер бойынша жүру қажеттілігін жойып мемлекеттік қызметкерлердің өнімділігін арттырды.
«Жобаның алдағы жоспарларында БЭҚАЖ таралымдау, бұлттық технологияға көшу мен электрондық құжат айналымы сервисін көрсету, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдар арасындағы ведомствоаралық электрондық құжат айналымы механизмін құру көзделген», – делінген хабарламада.

Алдыңғы «
Келесі »