Астанадағы БҰҰ-ның «Электрондық үкімет» жаһандық форумы басталды

  • 07.10.2014
  • 316 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында БҰҰ-ның «Электрондық үкімет» жаһандық форумы басталды ,-деп  хабарлайды Baq.kz.

Атап айтқанда форумға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары У Хунбо, сонымен қатар 70 елдің мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар АКТ саласының жетекші халықаралық сарапшылары қатысуда.

Белгілі болғандай, осы шара «Тұрақты даму мақсатындағы ақылды басқару: желілік қоғамдағы серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналып отыр.

Панельдік сессияларда сарапшылар «Ақылды үкіметтің беталысы мен туындайтын мәселелері», «Ақылды үкіметті іске асырудың стратегиялық аспектілері», «Мемлекеттік қызметтерге көп арналы қолжетімділікті қамтамасыз ету», «Халықты мемлекеттік басқаруға қатыстыру», «Ашық деректер мен ашық үкімет» және басқа да тақырыптар талқыланады.

Сонымен қатар бүгін БҰҰ-ның электрондық үкімет дамуында елеулі жетістікке жеткен мемлекеттерді марапаттау рәсімі өтеді.

Айта кетейік, бүгінде қазақстандықтар электрондық үкімет арқылы 570-тен астам қызмет пен сервистерді қолдана алады. Биыл БҰҰ электрондық үкімет дамуы бойынша рейтингте Қазақстан 2012 жылмен салыстырғанда 10 сатыға көтеріліп, 193 елдің ішінде 28-орында тұрақтады.

Алдыңғы «
Келесі »