Әлемдік деңгейдегі озық компаниялар құруға Қазақстанда барлық жағдай бар – Елбасы

  • 06.10.2014
  • 495 рет оқылды
  • Пікір жоқ
 
Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» Қорының трансформация бағдарламасының таныстырылымына арналған форум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат орталығы.
 
«Еліміздің байлығы «Самұрық-Қазына» Қорына шоғырланған, ал бұл – халықтың бүгінгі һәм келешек әл-ауқаты. Біз трансформацияны қалай орындасақ, еліміз де солай дамитын болады. Шекспирдің «болу, әлде бордай тозу» («быть или не быть»-авт.) деген сұрағы да дәл біздің алдымыздан шығады», – деді Н. Назарбаев.Президент бұл ретте осындай жұмысты қолға алған мемлекеттердің тек 30 пайызы ғана жетістікке жеткенін, қалған 70 пайызының жолы болмағанын атап өтті. «Бізге осы жолы болмаған жетпіс пайыздың ішінде қалмауды ойластыруымыз қажет», – дегенді баса айтты Мемлекет басшысы. Елбасының сөзіне қарағанда, трансформация бағдарламасы әлемнің «Самұрық-Қазынаға» ұқсас қорларының тәжірибесіне сүйене отырып жасалған.Мәселен, сингапурлық «Темасек» қоры 2004 жылғы трансформация нәтижесінде компания капиталын 3 есеге, 54 млрд доллардан 107 млрд долларға жеткізген. «Темасекті» мемлекеттік активтерді басқаратын жекеменшік компания деп те атайды. Жоғары басшылықтары Үкіметпен тағайындалады, алайда мемлекет «Темасекке» ешқандай жеңілдік те, преференция да ұсынбайды. Сингапурлық Қор биржасындағы жиынтық қаржыландырудың 21 пайызы «Темасек» компаниясының акциясынан тұрады», – деді Н. Назарбаев. Бұдан бөлек, Елбасы дәл осындай малайзиялық және араб компанияларын мысалға ала отырып, «олардан қай жеріміз кем?» деген сұрақты төтесінен қойды.«Бізде мүмкіндік мол. Қазақстанда қаражат та, ресурстар да, ең бастысы білімді халық бар. Біздің қазақстандықтардың 98 пайызы орта білімге ие, шетелдерде де оқытуды жалғастырып жатырмыз. Ендеше, осындай озық тәжірибелерді пайдаланып, оларды іс жүзіне асыру керек», – деді Н. Назарбаев.
Алдыңғы «
Келесі »