Маңғыстауда Құрбан айт мейрамына орай мерекелік шаралар өтуде

  • 03.10.2014
  • 363 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 

Маңғыстауда Құрбан айт құрметіне орай бірқатар шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінен. 

Мерекелік шаралар 2 қазан күні филармония залында «Құрбан айт мүбәрак болсын!» атты рухани кешпен басталды. Кеш жергілікті жыршы-термешілердің өнерімен әрлендірілді, ұлттық киімдер көрсетілімдері өткізіліп, дін тақырыбындағы викториналар ойналды.

Енді 4 қазан күні таңғы сағат 8-де айт намазы оқылады. Айт намазынан соң құрбандық малы шалына бастайды. Мешіт жамағатына, жалпы айттап келушілерге айт дастарханы жайылады. Бұл күні «Қайырымды кісі көгерер, ізгі кісі халық жүгін көтерер» атты республикалық акция аясында құрбандық малдың еттері мүжәлсіз отбасыларға, жалғызбасты және көпбалалы аналарға таратылады.

Құрбан айттың соңғы күндері балаларға арналмақ. Бұл күндері жетім және тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, мультфильмдер көрсетіледі. Сондай-ақ бүлдіршіндер «Ақтау» сауда және ойын-сауық кешеніндегі мұз айдынында тегін сырғанай алады.

Осылайша, Құрбан айт мейрамы үлкен мерекеге ұласпақ.

Хабаралайды ҚазАқпарат.

 

Алдыңғы «
Келесі »