Бүгін Астанада үздік ұстаздар марапатталады

  • 03.10.2014
  • 247 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 

Астана қаласында білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Конгресс-холл сарайында салтанатты жиын өтеді. Әдеттегідей, бұл күні үздік мұғалімдер марапатталатын болады, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында. 

Мерекелік шара аясында концерт ұйымдастырылады. Онда Қайрат Нұртас, Маржан Арапбаева, «МузАрт» триосы, «Boicekz» квартеті, «Zet» триосы сынды қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

Сондай-ақ бұл мерекеде өскелең ұрпақты тәрбиелеп, оқытуға белсене атсалысқан ұстаздар қауымын құттықтау рәсімі Астана қаласының әр білім ордасында өткізілмек.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Алдыңғы «
Келесі »