Нұрсұлтан Назарбаев Ресейді Қазақстанның бірегей жобаларының біріне қатысуға шақырды

  • 01.10.2014
  • 320 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейді  15 км тереңдіктегі ұңғыманы бұрғылау бойынша «Еуразия» жобасына қатысуға шақырды.  «Қазақстан мен Ресейде көмірсутек саласындағы бірлескен

жұмыс үшін үлкен потенциал бар. Форум аясында ұйымдастырылған көрмені қарап осыған көз жеткіздік.  Онда біздің елдеріміз ынтымақтастық орната алатын  инновациялық жобалар көрсетілді», – деді Мемлекет басшысы.

Бұған мысал ретінде Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразия» жобасын келтірді. Онда Каспий маңындағы 15 километрлік тереңдікте бұрғылау қарастырылған.   Бұл – Қазақстанның бірегей жобаларының бірі. Жоба туралы баяндаған Елбасы ресейліктерді оған қатысуға шақырды.

Еске сала кетейік, Каспий маңындағы ойпаттың 70 пайызы Қазақстан, 30 пайызы – Ресей аумағында. Каспий маңындағы шағын және орта тереңдікте ондаған мұнай және газ кен ошақтары ашылды. Оның ішінде Теңіз, Қашаған, Астрахань кен орындары бар. Ғалымдар терең ұңғымаларда көмірсутекті шикізат кені болу мүмкіндігін айтуда.  

Хабарлайды ҚазАқпарат.

 

 

Алдыңғы «
Келесі »