«Астана Опера» сахнасында Бибігүл Төлегенованың гала концерті өтеді

  • 29.09.2014
  • 352 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 

Аты аңызға айналған әнші, Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 85 жылдығына арналған бенефисі 30 қыркүйекте «Астана Опера» сахнасында өтеді. 

«Бағдарламада қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, аспаптық шығармалар қамтылған. Гала концертте Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың өзі, сондай-ақ мерейтой иесінің құрметіне белгілі қазақстандық опера әншілері, шәкірттері, оның дәстүрін жалғастырушылар, Бибігүл Төлегенова конкурсының лауреаттары және басқалары ән шырқайды. Сонымен қатар «Астана Опера» хоры және симфониялық оркестрі қатысады», деп хабарлайды мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметінен.

Мұнымен қоса қазақстандық көрермендердің сүйікті әншісінің құрметіне көрме ашылып, онда Б.Төлегенованың қойылымдарға және концерттерге киген костюмдері, жеке заттары, марапаттары қойылады. Көрмеде әншінің өміріне және шығармашылығына арналған фотогалереяны да тамашалауға болады.

«Биыл мерейтойым, сол себепті қазіргілер бенефис дейді,  мен сол есеп беруге келуім керек болды», – дейді әншінің өзі.

Ол «Астана Опера» солистерінің жартысы Б.Төлегенова атындағы конкурстың лауреаттары екенін, оның ішінде Сүндет Байғожин, Әлфия Кәрімова, Медет Шотабаев, Талғат Мұсабаев және басқалары бар екенін атап өтті.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Алдыңғы «
Келесі »