Н.Назарбаев Каспий маңы мемлекет басшыларының IV саммитінің жұмысына қатысады

  • 29.09.2014
  • 274 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий маңы мемлекет басшыларының  IV саммитінің жұмысына қатысады.

Осы форумның қарсаңында ҚР СІМ ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Зүлфия Аманжолова БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

«Алдағы саммитте Каспий теңізінің болашақ құқықтық мәртебесі  конвенциясымен байланысты мәселелерді талқылау жоспарлануда. Саммитте үкіметаралық 3 келісімге қол қойылады деп жоспарлануда: біреуі биоресурстарын сақтау мен қорғауға, екінші келісім Каспий теңізінің алабында  төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы өзара іс-қимылға  және үшінші келісім Каспий теңізінің гидрометеорологиясына қатысты», – деді З.Аманжолова.

Ерекше тапсырмалар бойынша елші атап өткендей, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесімен  байланысты саммиттің тақырыбы айтарлықтай кең және мәселе қандай да бір сұраққа қатысты деп айту қиын.

«Барлық мәселелер өзара байланысты және сол себепті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесімен байланысты сұрақтар кешені бойынша өзара тиімді шешім табу керек. Делегациялар Каспий теңізін су қоймасы ретінде қарап, оны межелеу, қызметін пайдаланудың ортақ ережелерін орнату төңірегінде келіссөздер  жүргізеді», – деп қосты З.Аманжолова.

Ерекше тапсырмалар бойынша елші қазақстандық тараптың өткен ғасырдың 90-жылдары қалыптасқан өз позициясын қорғап қалмақші екендігін атап өтті. Бұл позиция Біріккен Ұлттар ұйымының ресми құжаты ретінде таратылды. «Қазақстанның ұстанымы мынадай: Каспий теңізінің акваториясын межелеу, акваторияда аймақтық теңіз, балық аулау аймағы мен жалпы су көлемі болуы тиіс. Шекарасын белгілеуге қатысты Қазақстан теңіздің түбі шекаралас мемлекеттер өзара келісуімен, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған әдістері мен принциптері қолданылуы тиіс екендігін жақтайды»,  – деп түсіндірді З.Аманжолова.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Алдыңғы «
Келесі »