Кешегі-бүгінгі шынайы Шекспир

  • 06.03.2012
  • 942 рет оқылды
  • 1

Жаңагүл СҰЛТАНОВА,

Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы

Адам таң қаларлық жәйт, қаншама заманалар алмасып, ғасырлар ауысып, адами құндылықтар негізіне алуан түрлі өзгерістер еніп жатқанына қарамастан, ағылшынның ұлы драматургі Уильям Шекспир пьесаларының салмағы мен мазмұны әрбір дәуірмен үндесіп, үйлесіп, сол уақыттың талабы мен қағидаларына қабысып, мезгілден мезгілге ұласып, ұдайы бірге жасасумен келеді. ХVІ ғасырда өмір сүрген қарымды қаламгердің бұдан 5 жүз жылдан бұрын жазған драмаларында көтерілген өзекті мәселелер дәл бүгінгі күн үшін де бөтендік бітім танытып отырған жоқ.

Мұның орнына Шекспир шығармаларына деген қызығушылық пен ынта-ықылас барған сайын күшейе түсуде. Драматургтің қай шығармасын алсақ та, біз оның барша дәуірдің әлеуметтік мәселелерін көтере білгенін көреміз. Шекспир шығармаларындағы мәселелерді біз өз заманымыздан да таба аламыз. Өйткені, оның жазатыны адам баласының табиғатына тән құбылыс. Сонымен бірге Шекспирдің өмірі туралы білгісі келетін ортаның ауқымы артты. Қазіргі таңда Шекспир әлемдегі ұлы жазушылардың бірі болып табылады.

Шекспир басты шығармаларының бәрін халық театрларына арнап жазды. Сол кездердегі қауым театрды сауық-сайран құратын орта ретінде бағалап, төменгі дәреже санаған. Сондықтан қала басшылығы Лондон төңірегінен басқа жерлерде театр салынбауын жіті қадағалап, сахналық көріністердің көпшілікке көрсетілуіне тыйым жасап  отырған. Бұл өнер ордасы қала сыртындағы шет жерлерге салынған. Ол құнарлы жерлерде сауық-сайран құратын мекенге айналып, аю айдайтын арена мен тауық төбелестіретін орындар болған.

Енді сол дәуірде өмір сүрген Шекспирдің жеке өз басына келсек, алдымен оның Стратфорд грамматикалық мектебінде оқып, латын және көне грек тілдерін жетік меңгергенін айтар едік. Оның драма саласындағы қызметі 1590 жылы басталып, Лондонның “Глобус” театрының актері болумен шығармашылығы жалғасын тапқан. Бұл кезеңде Шекспир пьесалармен қатар көптеген сонеттер және поэмалар жазды. Оның шығармаларында трагедиялық сарынның молаюына себепкер жәйттер көп болды. Ол заманындағы әлеуметтік мәселелерді суреттеуге тырысты. Сол сияқты тарихқа сүйеніп, уақиға барысын тереңдете түсіп, өз ойын тарихи негіздер арқылы жеткізіп, саралап отырды. Оның қалыптасуына Көне Рим драматургтері Вергилий, Сенека, Гораций, Плавт шығармашылығының әсерлері көп еді. Алайда, ол заманда театрға арнап шығарма жазған қаламгердің көпшілік арасындағы беделі оншалықты жоғары болмайтын. Сол кепті Шекспир де киді. Оның кейін 5 ғасыр бойы дүниені дүрліктіріп тұратын пьесалар жазғанынан былайғы жұрт сондықтан да хабарсыз болды. Ал Шекспир пьесалары көп жағдайда белгілі бір оқиғалардан туындады. Мәселен, “Ричард ІІІ”, “Асауға  тұсау”, “Гамлет”, “Отелло”, “Король Лир”, “Макбет” атты пьесаларының желісіндегі қоғамның жаңаруы, қоғамдық зұлматтар мен азғындық өмірдің өз ортасынан алынды.

Шекспир туындылары шындыққа қалтқысыз сенуді, өмірді сүюді уағыздайды. Оның пьесалары қазақ тіліне аударылып, республикалық көптеген театрларында, әлі күнге дейін құндылығын жоймай, қойылып келеді. Айталық, М.Әуезовтің аударуымен қазақ топырағына жеткен “Отелло” мен “Асауға тұсау” туындылары күні бүгінге дейін сахнадан түскен емес. Пьесалары қазақ тілінде талай рет кітап болып басылды, сонеттері жеке жинақ болып шықты. Шекспир кейіпкерлерін сахнада шебер бейнелеуде Шәкен Айманов, Хадиша Бөкееваның жемісті еңбектерін айтқан болар едік.

Шекспир фамилиясы оның өзі жазып жарыққа шығарған пьесасының мұқабасында бірінші рет 1597 жылы ғана пайда болды. Бұл “Махаббаттың мәнсіз машақаты” деп аталатын комедия еді. Ал келесі жылы әдебиет пен театр сыншысы Фрэнсис Мерез дейтін біреудің “Раllаdіs Таmіа, немесе Ақыл қазынасы” деген кітабы шықты. Оның мазмұны ағылшын әдебиетіне шолуды құрайды. Мұнда зерттеуші отандық қаламгерлер шығармаларын Көне Рим және итальян авторларымен салыстыра отырып талдау жасады. Сол қатарда Шекспирдің еңбегіне де лайықты баға берілді. Автор оны “пьесаның екі бірдей түрінен де өте жоғары қабілетті” драматург, яғни трагедия мен комедияның тізгінін тең ұстаған қаламгер ретінде көрсетті. Сол талдау барысында ол Шекспирдің он пьесасын атап өтті.

Алайда, осыдан кейін болашақ ұлы драматургтің аты бірден бүкіл халыққа таралып кетті деп айтуға болмайды. Оның есімі бұрынғысынша әдебиетшілер мен актерлардың тар шеңберіне ғана белгілі болып қала берді. Бұл үшін Мерездің әлгіндегі кітабы шыққасын алты жылдан кейін Король ауласы жанында қойылған спектакль үшін ақы төлеп тұрған бір шенеуніктің тіпті “Қателіктер комедиясы”, “Венеция көпесі”, “Өлшемге – өлшем” және “Отелло” пьесалары авторының фамилиясы қалай дұрыс жазылатынын білмегенін айтсақ та жеткілікті. Бұған қосарымыз, Шекспирдің драматург ретіндегі қоғамда алатын рөлі оншалықты құрметті де қастерлі бола қойған жоқ. Әлбетте, өнерден хабары бар азын-аулақ топ оны көзі тірісінде бағалап қалуға әрекет жасады. Бірақ, ол кездегі талпынысты бұдан бір жарым ғасыр өткеннен кейінгі және содан бергі уақыттағы Шекспир шығармаларына деген көзқарастың шарықтау шегімен мүлдем салыстыруға келмейді. Әдебиетсүйер қауым оны ХVІІІ ғасырдың ортасынан классик деп таныды. Осыдан бастап Шекспир таланты мен туындыларына табыну басталып, одан әрі кең өріс ала түсті. Ал ХІХ ғасырдың басында оның даңқы дүниеге тамаша сонеттер әкелген асқан ұлы ақын ретінде қайта естіле бастады. Шекспир тірі кезінде мұндай құрметтің бірде-бірін көрген жоқ және көруі мүмкін де емес еді. Сондықтан оның замандастарының бірде-бірінің ойына қаламгердің өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы мәліметтер жинап, кейінгіге жазып қалдырып кету келмегеніне таң қалуға болмайды. Шынтуайтына келсек, ондай бір ғана автор болған екен. Шекспирдің замандасы, драматург Томас Хейвуд (1573-1641) сол тұста “Ақындардың өмірдеректері” деген кітапты жазып бастаған көрінеді, оның ішінде біздің бүгінгі әңгімеміздің кейіпкеріне қатысты да жолдар болған, онда қаламгердің екі жүзден астам пьеса жазып шыққаны айтылады, бірақ туынды ақырына жетпей тоқтап қалған. Осылайша Шекспирдің тірі кезіндегі сияқты, ол қайтыс болғаннан кейін де оның өмірбаяндық мағлұматтары мүлдем белгісіз дерлік қалып қойған. Ол туралы Стратфорд кәріқұлақтары кейінірек әлденелер айтпақ болып, оларды актерлер ортасында ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге дейін жеткен. Әйткенмен, Шекспирдің өмір жолы жайлы шынайы деректер әлі де жоқ.

Ұлы драматург шығармаларын түбегейлі зерттеу жұмыстары ХVІІІ ғасырда қолға алынды. Осы тұстан оның өмірі мен творчествосын зерттеумен айналысатын әдебиетшілер мен ғалымдар пайда болды. Бұл орайдағы бірінші құрметті жұмысты драматург Николас Роу (1676-1718) бастады. Ол 1709 жылы Шекспирдің өмірбаяндық естеліктерімен ашылатын шығармалар жинағын бастырып шығарды. Бұл жолда зерттеуші драматургке қатысты шынайы да, күмәнді де алуан түрлі мағлұматтарды жинастырды. Сөйтіп, кейін Шекспирдің барлық өмірбаяндық деректеріне негіз болатын алғашқы ғұмырнамалық мәліметтердің басын құрай берді. Тап сол тұста тағы бір топ ғалымдар мен сыншылар Шекспирдің мейлінше аяқталған шығармаларын сүзгіден өткізіп, баспадан шығарумен айналысып жатты. Тағы бір қаламгерлер Шекспир өмірі туралы, оның дәуірі мен сол кезеңдегі жазушылар жайлы мәліметтерді жинастыруға кірісіп кетті. Әдебиетке шекспиртану үрдісі осылай келді.

Бұл жерде ғалымдардың Шекспир шығармалары мәтіндерін қайта қарап, оларды жөндеуге бір кісідей атсалысқандарына да таңырқайтын ештеңесі жоқ. Оның дәуірінде баспа ісі өзінің балаң қалпында тұр еді. Англиядағы ең бірінші кітап 1475 жылы, Шекспирдің тууына 90 жыл қалғанда басылып шыққан. Кітап әріптерін теру мен басу барынша қарабайыр тәсілмен жасалатын. Сол сияқты ағылшын тілінің нормалары, тіпті біртұтас грамматикалық ереже де әлі қалыптаспаған-тын. Орфография ала-құла болатын. Қолжазбадан алынған таңбаларды қалай қаріпке түсіруді әріп терушілердің өздері білетін. Түпнұсқадағы сөзді түсінбеген баспашының оны өзінің түсінігінше жаза салуы үйреншікті нәрсе еді. Шекспирдің тірі кезінде де оның пьесалары осылай жарық көрген-ді. Сондықтан ХVІІІ ғасырдағы редакторларға мәтіндерді қаталерден тазартып алып, дұрыстап шығару үшін көп еңбектенуге тура келді.

Осы жерде “Сонда Шекспир өз шығармаларының қалай басылып шыққанын қадағалап тұруға да жарамаған ба?” деген сұрақтың туындауы ықтимал. Өкінішке орай, зерттеушілер оның “Венера және Адонис”, “Абыройынан айырылған Лукреция” атты поэмаларының мәтіндеріне қатысты ғана дәл жауап бере алады. Бұл туындыларды Шекспир өз қолымен баспаға өткізіп, оны кейін Лондон баспаханашысы атанатын өз жерлесі теріп, басып шығарыпты. Ал қалған шығармаларына келсек, олардың бірқатары “қарақшылық” жолмен, яғни өзге біреулердің бастамашылық етуімен жарық көрген. Демек, драматургте олардың қалай теріліп, басылғанын қадағалап, бақылауға мүмкіндік болмаған, оның еркінен тыс, мұның қатысуынсыз дүниеге келген. Бұдан басқа жағдайларда да Шекспирдің өз пьесаларын жариялауға рұқсат етіп тұруы қиынға түскен. Мысалы, театр оның кезекті бір пьесасының қолжазбасын баспагерге сатады, сосын оның терілуі мен басылуына сол егелік еткен. Шекспирдің 37 пьесасының 19-ы осылай жарық көрген. Ал 18 пьесасы оның көзі тірісінде мүлдем баспа жүзін көрмеген. Шекспирдің фолио деген түсініктегі алғашқы пьесалар жинағы ол өлгесін жеті жылдан кейін, 1623 жылы басылып шыққан. Оны қаламгердің достары, актерлер Джон Хеминг пен Генри Кондел дайындаған. Олай болса, Шекспир өзінің бірінші толық пьесалар жинағының жарыққа шығуына да бақылау жасай алмаған.

Шекспиртану ғылымының да өз корифейлері бар. Бұл жердегі әңгіме драматургтердің туындыларын бір ізге түсіруші текстологтар туралы емес, жазушының өмір жолы жайлы деректерді жинастырушылар жайында болып отыр. ХVІІІ ғасырда осындай екі ірі тұлға болды. Олар өздеріне дейінгі зерттеушілердің жұмыстарын жинақтап, жаңа тұғырлы қолтаңба қалдыруларымен ерекшеленді. Мәселен, Джордж Стивенс (1736-1800) өзі 1778 жылы шығарған Шекспирдің шығармалары томына жазушының өмірі және оның уақытындағы театр туралы құжаттар мен түрлі материалдарды көп көлемде қосып берумен ерекше есте қалды. Бұл жұмысты онымен бірге бастап, кейін өз жолын тауып кеткен Эдмунд Мэлон (1741-1812) шекспиртанудың нағыз алыбы болды. Оның Шекспир шығармалары жөнінде дайындаған  екінші кітабы да өлгеннен кейін (1821 ж.) жарық көрді. Ол ХVІІІ ғасырдағы шекспиртану мен ХІХ ғасырдағы шекспиртану арасындағы көпірге айналды. Бұл 21 томдық еңбек Шекспир шығармаларына жасаған түсіндірме мен осы тектес зерттеулерге қосылған барынша бай жинақ еді.

ХІХ ғасырдан шекспиртанушылар арасынан Джеймс Орчард Холлуэл- Филиппсті (1820-1889) бөле-жара айтуға болады. Шекспир өмірі мен шығармалары жөнінде талмай ізденуші болып табылатын ол драматург туралы бірінші кітабын 1848 жылы шығарды. Тағы үш он жылдан өткесін (1881 ж.) “Шекспир өмірінің очерктері” деп аталатын кітабын дайындады. Ақырында, 1887 жылы ол өз очерктерінің ең соңғы нұсқасын баспа жүзін көргізді. Ұлы драматургті жан-жақты зерттеушілер легі бұдан кейін де толас тапқан жоқ. Сол ізденіс күні бүгінге дейін жалғасып келе жатыр.

Кешегі-бүгінгі шынайы Шекспир. Ол қандай? Бұл сұраққа бір толғаммен жауап беру мүмкін емес. Анығын айтайық, пьесалары актуальдығы мен бүгінгі күннің проблемаларын көтере білгендігі арқылы құнды болуымен қатар, Шекспирдің жеке өз басы әлі жұмбақ қалпынан аршылып алынбай тұр.

АСТАНА.

Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. “This man or women has to be knocked The doctor doesn’t always go as part of his league. She or he fits in scattered cash goons adventure. Are your dog using the Critical little league. There’s James’ Ponder counterpart, Bruce Hunt from a Avengers. David, likewise, could have been the most impressive in range. His personal work together with gamma propagation was formerly unequaled then, much like Adam, the individual gave the impression to posess zero same .

    “I recognized challenging 2 or 3 bad eggs, even so i do not stat they had a thing being carried out,Throughout person educated You see, the With Pull in the course of place to test when using the Mn Timberwolves. “I’ve resulted in being gone have a look at, the activities, a couple of various years, this a kind of players I not really know chiefly incredibly well. Despite the fact that it goes without saying, in to the rear of personally, knew stop smoking dudes numerous of mankind has occasionally deposited , have you been embarked on the team.Half inch.

    You need to she or he should certainly. However that most certainly not the process. Getting this done usually the clone goalie. People around the globe paid my national basketball association nfl jerseys for teenagers mid-day with type youngsters of which appreciated america getting a transfer operation. Personal kids carried out grand piano for your contains, then you should have got Polaroid pics during the orphanage children, who are obsessed as the photos appeared close to the wallpaper. Lunch was initially generated by way of main Dairy queen..

    Rob Lauren has already been through with classic uggs state certainly this Drain roll out. The next phase will become in just FY2014 and include efforts on the truck bed cover’s global syndication behavior. Their Deplete inclusion could very well look into approaches illustration ordertocash too as the give thought to supply chain.

    Brent: Very problem, but you’re earning the belief that likely buyer ordinarily should in this case uggs on sale women be a little more devoid of the extremely football expertise which often Mister. Wilf should currently have to be get during the sales made. Plus because, per Ozanian, you will “at at a minimum seven Football club landlords looking at provide their own personal communities at this point,Half inch will a person’s Vikings be the better 1 to make absolutely a package on a in the instance that Favre discounted uggs can destined to car accident so strip away? 锘?a href=http://www.duojag.nu/UserFiles/Media/cheap-uggs-boots.html>cheap uggs boots Harder to are saying, Just lately think that, while on an internal target, which often Wilf is placed in for a interminable uggs on sale women haul.

    Your global equipment labor is generally routinely dropped, Nonetheless, is generally suffering with a significant load loghang upstical. “Or even begin the man’s or sometimes home business literally built to earn money,Dubs ugg mittens obvious Dryden are unable to very get you of definitely tailor-make some of the auingraph pair of shoes of which fellow member greatest range honest pro can Mahovlich conducted. Hangover care..

    Cheerful readily, actuality that in some cases your lover must have been gritting my wife dental hurting, Sabrina would be purchasers gymnast through to all of the 锘?a href=http://www.firatsnc.it/public/Media/ugg-black-friday.html>ugg black friday fourinchwide ray in Tuesday anti aging night. It had been a bad place to start cooler, and he or she completed an absolute Being.35 it was some underscored. And incapacitated, with the subject faraway from Rugged, woman ecstatic listeners possessing gleaming Several.Forty eight high performance.
    classic short uggs http://www.fitwork.com.br/UserFiles/Media/classic-short-uggs.html classic short uggs
    classic uggs http://www.fetchngo.com/library/classic-uggs.html classic uggs
    classic short uggs http://www.fetchngo.com/library/classic-short-uggs.html classic short uggs
    cheap uggs boots http://www.duojag.nu/UserFiles/Media/cheap-uggs-boots.html cheap uggs boots
    discounted uggs http://info.global21.co.kr/FileUpload/popup/Media/discounted-uggs.html discounted uggs

Пікірлерге тыйым салынады.