Өскемен мен Рахман қайнары аралығындағы жолды жөндеуге 3,5 млрд. теңге бағытталмақ

  • 27.09.2014
  • 503 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Биыл ШҚО аумағындағы жолдарды жөндеуге 15 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

«Қазақстандағы ең жолы көп – Шығыс Қазақстан облысы. Бізде 11,5 мың шақырым жол бар. Соның 3,5 мың шақырымы республикалық, ал қалғаны жергілікті маңыздағы жолдар. Республикалық жолдарды жөндеуге биыл 10 млрд. теңге, жергілікті жолдарға 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді»,-деді әкім.

«Әрине, өңірдегі жолдың барлығын бірден жөндеу мүмкін емес. Өйткені, кейбір жолдар 30-40 жыл бойы жөндеу көрмеген. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз Алматы-Өскемен, Алматы-Семей, Семей-Өскемен, Омбы-Майқапшағай  аралығындағы жолдарды, сондай-ақ ары қарай Зайсан, Күршім, Көкпекті аудандары  аумағындағы жолдарды жөндеумен қамту. Қазіргі кезде бұл жұмыс жүзеге асуда»,-деді Б. Сапарбаев.

Белгілі болғандай, Өскемен мен Рахман қайнары аралығындағы жолға алдағы жылы 3,5 млрд. теңге бағытталмақ.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Алдыңғы «
Келесі »