Елбасының оң саясаты арқасында қазақ тілі жаңа деңгейге көтерілді – жазушы К.Юсуп

  • 24.09.2014
  • 296 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақ тілі Елбасының оң саясатының арқасында әлемдік тілдерді ана тіліне сөйлете алатын деңгейге көтерілді. Бұл пікірді ҚазАқпарат тілшісіне жазушы, аудармашы, белгілі қоғам қайраткері Кеңес Юсуп Елбасының Ұлытаудағы сұхбатына орай білдірді.

«Менің ойымша, Елбасы о бастан тілді дамыту жөнінде дұрыс бағыт ұстады. Біздің геосаяси жағдайымызға, географиялық орналасуымызға, халықымыздың демографиясына байланысты елімізде тәуелсіздік алған сәттен бастап бірден мемлекеттік тілде сөйлеу мүмкін емес болатын. Мемлекеттік тілді біртіндеп-біртіндеп, бүгінде үлкен деңгейге көтердік деп айта аламын», – деді ол.

Қаламгердің атап өтуінше, Қазақстан Көшбасшысының тілге қатысты ұстанған сол кезеңдегі саясаты қазақ қоғамы үшін түсініксіздеу болған. Ал бүгінде ол саясаттың дұрыстығын өмір дәлелдеп отыр.

«Соның нәтижесінде бүгінде біздің тіліміз әжептәуір жетілді. Қазақ тілі жаңа деңгейге көтерілді. Қазақ тілі әлемдік тілдерді өзінің ана тілінде сөйлете алатын тілге айналып келеді. Алла қаласа, ана тіліміздің болашағы, келешегі зор деп ойлаймын», – деп түйіндеді ойын К.Юсуп.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдыңғы «
Келесі »