Қазақстан обырды емдеу бойынша озық технологиялы елдердің қатарына енеді

  • 24.09.2014
  • 325 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан қатерлі ісікті зерттеу мен диагностикалау, емдеу бағытында озық технологиялы  мемлекеттердің тізіміне енуге талпынуда.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Халықаралық онкологиялық симпозиумында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекованың сөзінде айтылды.

Вице-министрдің өзі аталған шараға қатыса алмаса да оның баяндамасын ведомство өкілі оқып берді.

«Әлемде жыл сайын онкологиялық аурулар өсімі шамамен бес пайызға артуда. Осыған қарамастан елдегі онкологиялық дерттің көрсеткіші белгілі бір оңтайлы қарқынға ие болуда. Жалпы алғанда бұл індет бойынша ахуал айтарлықтай күрделі және тиісті шараларды қабылдауды қажет етеді. Қатерлі ісікті зерттеу мен емдеу саласында алдыңғы қатарлы технологияларға ие көшбасшы елдердің қатарына ену үшін біз халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытудамыз»,-деді С. Қайырбекова.

Белгілі болғандай, бүгінде Еуропалық онкологтар мектебімен, Густаво Русси атындағы институтпен, Питсбург университеті медициналық орталығымен, Оңтүстік Корея мен Жапонияның медициналық орталықтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар бекітілді.

 «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, біз Алматы, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, және Астана қалаларындағы онкологиялық орталықтардың базасында радиациялық онкологияның бес өңіраралық жоғары технологиялық орталықтарында соңғы буынды технологияларды дамытуды көздеп отырмыз. Жыл соңына дейін аталған орталықтар қазіргі заманғы медициналық құралдармен жабдықталады. Сонымен қатар өңірлерде клиникалар жаңғыртылып, жаңа онкологиялық клиникалар салынады»,-деді ол.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдыңғы «
Келесі »