Шри-Ланка Президенті Қазақстанның гуманитарлық көмегіне алғыс айтты

  • 22.09.2014
  • 237 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 

Шри-Ланка Президенті Махинда Раджапакса Қазақстанның Елшісі Дулат Қуанышевты дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлады Қр Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

19 қыркүйекте болған кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың дамуын, әсіресе, 2012 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен М.Раджапаксаның Астанаға ресми сапарынан кейінгі қатынастардың тереңдеуін атап өтті.

2013 ж. Шри Ланканың Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары туралы Кеңеске байқаушы мәртебесін алуы аса маңызды болып табылады, өйткені бұл жайт Азиядағы диалогтың одан әрі дамуының және құрлықтық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді.

Елші Д. Қуанышев Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болу ниеті туралы хабарлады, Шри Ланка Президенті бұл мәселе бойынша қазақстандық тараптың алға тартқан дәледерін оң бағалады. Әңгіме үстінде Д.Қуанышев М.Раджапаксаны  Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық  туралы да хабардар етті.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларының маңыздылығына назар аудара отырып,  М.Раджапакса Қазақстан тарапының Шри-Ланкадағы жер сілкінісіне байланысты жолдаған гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Алдыңғы «
Келесі »