Қазақстанның солтүстігінде 22 ауыл мектебі жабылды

  • 21.09.2014
  • 287 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Солтүстік Қазақстанда бастауыш сыныптың 800 оқушысы мектепке алыстан қатынап оқиды, деп жазады 24.kz.

Өңірде осы оқу жылы 22 білім ордасы жабылып, тағы 25-і қайта құрылған. Бұған бала санының аздығы себеп. Енді осы ауылдардың балалары жақын маңдағы елді мекендерге барып білім алуға мәжбүр.

Солтүстік Қазақстандағы білім ошақтарының 80 пайызы шағын жинақталған мектептердің қатарына жатады. Оқушылар санының аздығынан аймақта жылына кем дегенде 15 оқу ордасы жабылады екен.

Облыстық білім басқармасының бас маманы Ырысжан Нұрғалиеваның айтуыншы, жабылған мектептердің оқушылары бүгінгі күні мектеппен қамтамасыз етілді.

«Оқушылар жақын елді мекендерде орналасқан мектеп жанындағы интернаттарға орналастырылды. Ал үйінде жатып оқимын деген 800 оқушы үшін күнделікті тасымалдау көлігі қарастырылған», – деді ол.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдыңғы «
Келесі »