Ақмола облысында егін орағы бел ортасынан асты

  • 21.09.2014
  • 251 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Жарқайыңдық диқандар облыс бойынша көш бастап келеді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Аманбек Қалжанов.

«Биыл Жарқайыңдықтар егін науқанын жоғары қарқынмен бастаған еді. Сол үрдіс әлі жалғасып келеді. Қазір жарқайыңдықтар жауапты науқанды жүргізуде облыс бойынша көш бастап тұр. Ауданның астық алқаптарында 895 комбайн жұмысқа қосылған. Биыл аудан егіншілері техника паркін  соңғы үлгідегі 32 жаңа комбайн, 28 доңғалақты трактор және 10 басқа да астық жинау техникасымен толықтырған еді. Осы ұмтылыс та өз жемісін беруде», – дейді Аманбек Қалжанов.

Атап айтсақ, егін орағын қолда бар техниканы толық іске қоса отырып бастаған жарқайыңдық диқандар қауымы 543032 гектар дәнді дақылдар алқабының 506600 гектарының астығын бастырып, 93,3 пайыздық көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Әр гектардың шығымы орта есеппен 10,4 центнерден айналуда.

Қазірдің өзінде 10-нан астам ірі шаруашылықтар мен бірқатар шаруа қожалықтары жауапты науқанды ойдағыдай аяқтап шықты. Орақ озаттарына өзінің құттықтау хатында аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаев өңірде аграрлық сектордың жақсы қарқын алып келе жатқанын, Жарқайың бидайының сапасы әлемдік стандарттар бойынша 1-2 кластың деңгейінде екенін атап көрсетті. Мұның өзі аудан диқандарына астық нарығындағы бәсекеге төтеп беруге жол ашуда. Бүгінгі қол жеткізіліп отырған табыс та егіншілік саласын дамыту бағытындағы қажырлы жұмыстың нәтижесі  екендігі даусыз.

Жалпы, облыс бойынша ақмолалық диқандар барлық егістік алқабының 55,5 пайызын  жинап, науқаның бел ортасынан асырды.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдыңғы «
Келесі »