Қызылордада жаңа көпір пайдалануға берілді

  • 21.09.2014
  • 331 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қызылорда облысы Сырдария ауданында халық көптен зарыға күткен көпір пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Парламент депуттаттары мен еңбек ардагерлері қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Осыдан екі жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты іркіліп қалған болатын. Соның салдарынан дарияның арғы бетіндегі 21 мыңға жуық адам қыста қайықпен, жазда тозығы жеткен қалқымалы көпір арқылы бергі жағалауға қатынайтын.

Осы уақытқа дейін 13 елді мекеннің жиырма мыңнан астам адамы аудан орталығына қатынау үшін 180 шақырым жолды айналып өтетін.

Сырдария ауданында жұмыс сапарымен жүрген әкім  Ақжарма ауылында барып, күрделі жөндеуден өткен әлеуметтік нысандармен де  танысты.

Жалпы, облыста 263 елді мекен болса, соның 47-сі тіректі ауыл. Ақжарма ауылыда тіректі елді мекендер қатарына енген. Ауылды өркендетуге республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден 414 миллион теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда ауылдық клуб күрделі жөндеуден өтуде. Сондақ-ақ орталық алаң жаңғыртылып, мектеп, балабақша жөндеуден өткен.

Аудандағы бұрынғы №36 мектептің ғимараты қайта күрделі жөндеуден өткізіліп, дербес бөлімдер осында орналастырылды. Аймақ басшысы ғимаратты аралап көріп, енді ел үшін аянбай еңбек ету керектігін айтты.

«Біздің елдің қызметшіміз. Тұрғындар мұнда жанашырын іздеп келуі керек. Сондықтан аяқтарыңыздан тік тұрып қызмет көрсетіңіздер.    Тәртіп, талаптың арқасында салық түсімі артты. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында екі жылда өңірге 7 миллиард теңге шағын несиеге қаржы бөлінді. «Ақниет» бағдарламасының да шарапатын көріп жатсыздар. Мемлекеттен бөлініп тұрған қаражатты тиімді пайдаланайық», – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдыңғы «
Келесі »