Мемлекеттік тіл мамандары мен аудармашылар дың республикалық оқу-әдістемелік жиыны өтеді

  • 20.09.2014
  • 377 рет оқылды
  • Пікір жоқ

ҚазАқпарат – 25-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет атқарып жатқан мемлекеттік тіл мамандары мен аудармашыларының республикалық оқу-әдістемелік жиыны өтеді.

Жиын барысында «Мемлекеттік тілде сөйлеген әскердің рухы биік, айбыны асқақ!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады. «Нұр Отан» партиясының Алматы филиалы орналасқан ғимараттың мәжіліс залында 25 қыркүйек күні өтетін шараға халықаралық қазақ тілі қоғамының президенті, филология ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Айтбайұлы, Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Ахетов Мамай, «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы Матыжанов Кенжехан, «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамының төрайымы Асылы Осман қатысады, деп күтілуде. Сондай-ақ оған ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының оқытушылары мен бірқатар қоғамға белгілі азаматтар мен ғалым-ұстаздар қатысады.

Сонымен қатар орыс тілді аудиторияға мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері, мемлекеттік тілді ҚАЗТЕСТ бағдарламасы бойынша оқытудың әдістемесі, аударма техникасы, ресми аударма үлгілері, аударма мәселелері тақырыптарында сабақтар ұйымдастырылмақ.

Жиын аясында 26 қыркүйек күні Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мәжіліс залында Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріндегі өзге ұлт өкілдері болып табылатын әскери қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауының шешуші ІІІ кезеңі өткізіледі, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен.

Алдыңғы «
Келесі »