Астанада өткен сенбілік күні 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды

  • 20.09.2014
  • 334 рет оқылды
  • Пікір жоқ

ҚазАқпарат – Бүгін Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен қала аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша сенбілік өтті.  Бұл туралы елорда әкімгінің ресми сайтында хабаралады.

Ауқымды шара Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен басталды. Қала басшысы алғашқы көшетті өзі отырғызды.

«Жалпы қалалық сенбілік игі дәстүрге айналды. Сенбіліктің негізгі міндеті – әрбір қала тұрғынының қаланы көгалдандыруға, тазартуға, тәртіпке келтіруге үлес қосатыны. Жалпы, үш аудан бойынша сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Сенбіліктің тәрбиелік мәні бар екенін атап өтпекпін», – деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

20 қыркүйекте жалпықалалық сенбілікке 4300 кәсіпорын және ұйым, 47 жоғары және арнайы орта оқу орындары, 86 орта мектеп, 131 мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардан  95 мыңға жуық адам қатысты. Оларды аудандық әкімдіктер қажетті құрал-жабдықтармен, атап айтқанда күрек, тырнауыш, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етті. Сенбілік кезінде жиналған қоқысты шығаруға 460 техника, соның ішінде 280 жүк көлігі, 180 жүк тиегіш жұмылдырылды.

Сенбілік күні бірнеше аумақта 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Атап айтқанда, Алматы ауданында – 2 153 ағаш , Сарыарқа ауданында – 150 ағаш  және 1000 п.м. жасыл қоршау отырғызылды.

Экологиялық айлық шеңберінде қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар және квартал аумақтарын тазалау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Есіл өзені, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ жылғаларын қоқыстан және басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылады. Нөсерлік және арық-науалы кәріз жүйелерін тазартылып, саябақтар мен шағынбақтардағы жасыл желектерді күтудің маусымдық агротехникалық жұмыстары жүргізіледі.

Атап өту керек, 2014 жылғы 14 сәуірде өткен жалпықалалық сенбілік кезінде Астанада 5 631 тонна қоқыс шығарылып, тұрмыстық қалдық заттарын көметін полигонда көмілген болатын. Ол үшін 646 рейс жасалған. Алматы ауданынан 2 121,5 тонна (252 рейс), Есіл ауданынан 1 947 тонна (174), Сарыарқа ауданынан 1 563,3 тонна (220 рейс) қоқыс шығарылған болатын. Сенбілікте 198 жүк тиегіш техника, 457 жүк көлігі жұмылдырылды. 5 300 800 шаршы метр саябақтар мен гүлзарлар аумағы тазартылған. Оның 2 900 000 Алматы ауданы, 2 229 440 Есіл ауданы, 171 360 Сарыарқа ауданына қатысты. 4 642 түп ағаш отырғызылып, 59 904 ағаш әктелді.

Алдыңғы «
Келесі »