Қарағандыда «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпазы жарты миллион теңгеге ие болды

  • 19.09.2014
  • 262 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 

ҚазАқпарат – Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайында «Тіл жанашыры» байқауының жүлдегерлеріне облыс әкімінің сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков атап өткендей, өңірде осымен үшінші рет өткізіліп отырған байқау мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған. 

Ұйымдастырушылар мәлім еткендей, биыл байқауға қатысуға 50 өтінім түскен, оның 18 конкурсқа қатыстырылған. Қазылар алқасы түрлі аталымдар бойынша 6 жеңімпазды анықтады.

Мемлекеттік тілді дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін «Тіл майталманы» аталымы бойынша 500 мың теңге көлеміндегі сыйақыны Долинка кентіндегі саяси репрессия құрбандарын еске алу музейі директорының орынбасары Ибрагим Ислямов иеленді. Тағы бес адам 400 мың теңге көлеміндегі қаржылай марапаттарға ие болды, олардың ішінде аймақтық БАҚ журналистері де бар.

 

Алдыңғы «
Келесі »