Қ. Тоқаев пен Ш. Сони ҚР Президентінің ОАР-ға алда болатын сапары жайлы пікір алмасты

  • 18.09.2014
  • 298 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Елшісі Шириш Манаклал Сониді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Сенат Төрағасы Африка құрлығында жетекші орын алатын Оңтүстік Африка Республикасымен көптарапты ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, парламентаралық байланыстардың маңызы зор. Ол біздің еліміздегі ахуалмен танысу үшін ОАР-дың халық қалаулыларына Қазақстанға шақыруын жеткізді. Сенат Төрағасы алдағы жылдың ортасында болатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне әзірлік туралы елшіні хабардар етті.

Ш.Сони өз кезегінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың алдағы уақыттағы ОАР-ға мемлекеттік сапарына әзірлік барысы туралы айтты. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының сапары екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастығын дамытуға күшті серпін беретіні жайында пікірін білдірді.

 

Алдыңғы «
Келесі »