Қазақстан дамуында «Мәңгілік ел» идеясының орны айрықша – Cенат Төрағасы

  • 16.09.2014
  • 369 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 

 

Қазақстан дамуында «Мәңгілік ел» идеясының орны айрықша. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Қазақстан-2050» Стратегиясының іске асырылуы және Қазақстан Республикасының халықаралық 

қоғамдастықтағы рөлі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық үдесінде және рухани өзгеруінде біздің Көшбасшымыз әзірлеген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының орны ерекше. Бұл тұжырымдама  халықтың бірлігі, қоғамдағы тұрақтылық, ұлтаралық келісім, мемлекетіміздің тұрақты дамуы сынды негізгі құндылықтарды қамтиды», – деді ол.

Сенат Төрағасының атап өтуінше, аталған жоспарларды жүзеге асыру үшін инновация мен технологияларға басымдық бере отырып, экономика негізін түбегейлі қайта құруға бағытталған нақты шараларды қабылдау қажет.

«Экономиканы әртараптандыру бағытындағы стратегиялық міндет жүктеліп отыр. Сонымен бірге экономикалық тұрақты өсім мен іскерлік белсенділікті қамтамасыз ету қажет», – деді Қ.Тоқаев

 

 

Алдыңғы «
Келесі »