ЖОО-дағы республикалық айтыстың бас жүлдесін Балғынбек Имашев иеленді

  • 14.09.2014
  • 297 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 

13 қыркүйек күні Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойына орай республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыр сайысына елімізге танымал айтыскерлер Балғынбек Имашев (Астана қаласы), Айнұр Тұрсынбаева (Астана қаласы), Нұрлан Жұмабек (Жамбыл облысы), Аяулым Жұмабекқызы (Алматы облысы), Жақсылық Орынбасар (Астана қаласы), Сара Тоқтамысова (Астана қаласы), Фархат Маратұлы (Алматы қаласы), Зура Шайдымұрат (Қытай Халық Республикасы), Сырым Әуезхан (Астана қаласы), Арзыгүл Қайыңбекқызы (Алматы қаласы, ҚазМемҚызПУ дайындық бөлімі), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар), Айсәуле Бейсенхан (Астана қаласы) қатысты.

Сонымен, айтулы сөз додасында әділқазылардың шешімімен бас бәйге мен жүлделі орындар лайықты деп танылған жыр майталмандарының арасында бөлістірілді. Атап айтқанда, бас бәйгені Астана қаласынан келген Балғынбек Имашев қанжығалады. Ал бірінші орынға Айнұр Тұрсынбаева (Астана қаласы), екінші орынға Аяулым Жұмабекқызы (Алматы облысы) және Айсәуле Бейсенхан (Астана қаласы) лайық деп танылды.

Үшінші орынды елордалық Сара Тоқтамысова мен Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз Зура Шайдымұрат иеленді.

 

Алдыңғы «
Келесі »