Н.Назарбаев: Украинадағы дағдарыстың жалғыз шешімі – бұл саяси диалог пен консенсус

  • 12.09.2014
  • 378 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Украинадағы дағдарыстың жалғыз шешімі  – бұл саяси диалог пен консенсус. Бұл туралы бүгін Душанбеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, днп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің барлығымызды да Украинадағы ахуал барынша алаңдатады. Дағдарыстың ауқымы мен ықпалы бұл елден баяғыда-ақ тысқары шығып кетті», – деді Н.Назарбаев.

Осы ретте Елбасы Шығыс Украинадағы ахуал шұғыл арадағы шаралар мен іс-қимылдарды талап ететіндігін баса айтты. «Проблеманың ұзақмерзімді жалғыз шешімі  – бұл саяси диалог пен консенсус.  Ағымдағы жылдың 26 тамызында орын алған Минск кездесуінің маңыздылығын да атап өту қажет. Ресей Президенті ұсынған жанжалды реттеудің кезең-кезеңдік жоспары дағдарысты бейбіт жолмен шешудегі маңызды құжатқа айналды»,-  деген ҚР Президенті тараптарды аталған құжатты қатаң ұстануға шақырды.

Алдыңғы «
Келесі »