Заңмен қамтамасыз ету сұрақтары жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

  • 12.09.2014
  • 307 рет оқылды
  • Пікір жоқ

 

Кеше ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Әскери бас прокуратурасы жанындағы заңмен қамтамасыз ету сұрақтары жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Бас прокуратура, Қорғаныс министрлігі, Қарулы Күштер ардагерлер кеңесі, ІІМ Ішкі әскерлері, ҚР прокуратура органдарының өкілдері қатысты.

ҚР Қарулы Күштеріндегі азаматтардың өтініш, шағымдарымен жұмыстың жай-күйіне байланысты ҚР ҚМ Әкімшілік департаментінің бастығы Р. Бекқадамов баяндады.

Р.Бекқадамовтың хабарлауынша, әскери басқару органдарына келіп түскен өтініштердің көп бөлігі әскерге шақыру, әскери қызметтін өтеу, әлеуметтік сала мәселелеріне арналған.

Отырыс барысында сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің депутаты – ҚР Бас әскери прокуратурасы жанындағы заңмен қамтамасыз ету сұрақтары жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Тасболатов азаматтардан келіп түскен өтініш, шағымдарымен жұмысты келешекте одан әрі жетілдіре түсу, олармен жұмысты жеделдету, қажетті шара қабылдауға баса назар аудару керектігін атап өтті.
Отырыс жұмысына қорытынды жасаған Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаров азаматтардың мемлекеттік органдарға, сонымен бірге әскери басқару органдарына өтініш жасауы оларды қорғаудың конституциялық кепілдігін іске асыру құралы, бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру тәсілі екенін атап өтті.

«Сондықтанда осы саладғы жұмыс әскери басқару органдары қызметінің басым бағыттарының қатарында»,-деді Т.Мұхтаров.
Отырыста сондай-ақ «Айқын» жобасының тұсаукесері болды. Тұсаукесерді ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің мамандары өткізді.

 

Алдыңғы «
Келесі »