• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Ақпарат
  • >
  • Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша пәтерге ие болған 672 жас отбасы анықталды

Астанада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша пәтерге ие болған 672 жас отбасы анықталды

  • 11.09.2014
  • 293 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Aстана қаласы әкімдігімен Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің желісі бойынша «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының қатысушылары үшін тұрғын үй бөлістіру шаралары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2014 жылғы 4 қыркүйекте тұрғын үй комиссиясы мәжілісінің отырысы өтіп, онда үміткерлерден түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша ұсынылған құжаттар қаралып, тұрғын үй алуға үміткер ретінде 672 жас отбасы іріктеліп алынды.

«Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша бағдарламаға қатысушылар саны 5 078 жас отбасы, соның ішінде үш бөлмелі пәтер алуға – 1 302, екі бөлмелі пәтерге – 2 765, бір бөлмелі пәтерге – 1 011 үміткерден келді. Бұл ретте үлестіру үшін 158 үш бөлмелі, 380 екі бөлмелі және 134 бір бөлмелі пәтер бөлінгенін атап өту керек.

Іріктеу қатысушылардың өтініштерінде көрсетілген пәтерлердің үлгісіне сай келетін тұрғын үй санына сәйкес қатысушылар баллдарының жоғарылығы бойынша жүргізілді. Бағдарлама қатысушылардың баллдары тең болған жағдайда, тізімге енгізу туралы шешім Тұрғын үй комиссиясының дауыс көпшілігімен қабылданды.

Тізімге енгізілген бағдарлама қатысушыларына Тұрғын үй басқармасының шақыруымен Тұрғын үй құрылыс банкісіне төлем қабілеттілігін бағалауға жолдамалар берілетін болады. Бағдарламаға қатысушылар жолдаманы алған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Тұрғын үй басқармасына Тұрғын үй құрылыс банкі берген төлем қабілеттілігін бағалау туралы хабарламаны ұсынуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның бұл бағыты бойынша Астана қаласында кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған (бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) жас отбасы, сондай-ақ 29 жасқа толмаған балаларын ата-ананың біреуі тәрбиелейтін ажырасқан немесе толық емес отбасылар қатысты. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша бағдарламаға қатысуға өтініштер 2014 жылғы 2-14 маусым аралығында қабылданған еді, деп хабарлады Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.

Аталмыш бағдарлама бойынша пәтерлерге ие болған азаматтардың тізімін мына сілтеме бойынша қарауға болады http://www.astana-akshamy.kz/img/2014/09/tizim.pdf. 

Алдыңғы «
Келесі »