• «Ақиқат» журналы
  • >
  • Ақпарат
  • >
  • 30 томдық ғылыми салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасы дайындалды

30 томдық ғылыми салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасы дайындалды

  • 09.09.2014
  • 350 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Мәдениет және спорт ми­нистрлігі Тілдерді дамыту және қо­ғамдық-саяси жұмыс комите­тінің тапсырысы негізінде Педа­гогикалық ғылымдар академия­сы 2012-2014 жылдары ғылым мен техниканың, экономика мен мәдениеттің барлық салала­рын қамтыған 30 томдық ғылы­ми салалық қазақша-орыс­ша, орысша-қазақша терми­но­ло­гия­лық сөздіктер топтамасын дайын­дады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сөздіктерді дайындауға 52 ме­кемеде – жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу инсти­туттарында, академияларда, министр­ліктер мен Парламентте, са­ла­лық мекемелерде жұмыс іс­тей­­тін ғалымдар мен сала маман­­дары, жалпы 350-дей адам атсалысты.

Барлық сөздіктердің авторлық ұжым құрамында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары бірге еңбек етті.

Сөздіктер Терминком мәжі­ліс­терінде мұқият талқыланды.  Комиссияның 29 тамызда өткен мәжілісінде сөздіктерді халықтың талқысына түсіру, көптің сарабына салу жөнінде ұсыныс айтылып, ол ұсыныс министрлік тарапынан да қолдау тапты.

«Терминжасам ісі – бүкіл ха­лыққа ортақ іс. Термин жасау сала мамандары мен терминолог ғалымдардың ісі болғанымен, оған жалпы жұртшылықтың да араласқаны дұрыс. Себебі – тіл халықтікі, жалпы ортақ байлық. Сондықтан, сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді білу, әртүрлі нұс­қаларды қарастыру үшін осы сөздіктер Педагогикалық ғылымдар академиясының сайтына (www.apnk.kz ) ілінді.

Өз пікірлеріңізді 30 қыркүйекке дейін мына электрондық адреске жолдауларыңызды өтінеміз: apnkaz@mail.ru.

Жұмыс тиімді болу үшін ұсыныс-пікірді дәлме-дәл айтқан жөн. Электронды адреске жолданатын пікірде сөздіктің аты көрсетілуі, онан кейін – терминнің орысша берілуі – қазақша берілуі – ұсынатын нұсқаңыз – нақпа-нақ жазылуы жөн.

Сіздерді осы іргелі іске атсалысуға шақырамыз!», – делінген Педагогикалық ғылвымдар академиясының хабарламасында.

Алдыңғы «
Келесі »