Алматыда Әнұраннан шатасты

  • 08.09.2014
  • 397 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Алматыда кеше хоккейден «Алматы» мен «Бейбарыс» командалары арасындағы ойын басталар алдында Қазақстанның бұрынғы Әнұраны орындалды. Мұндай қателікке Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының әкімшілігі жол берген, деп хабарлады «Алматы» телеарнасы.

Ескі Әнұран бірнеше секунд қана шырқалса да көрермендер оны бірден аңғарып, таңырқасты. Бұл ойын «Алматы» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетіліп жатқан болатын. Спорт сарайының бұл сүрінуіне мыңдаған көрермен де куә болды.

Еске сала кетейік, 2013 жылыдың 12 қаңтарында Твердің жергілікті клубы мен Жоғары хоккей лигасының лидері «Сарыарқа» ойыны басталар кезде Қазақстан Республикасының қазіргі емес, бұрынғы ескі Әнұраны қойылған. ЖХЛ бұл қателік үшін «Сарыарқа» клубынан кешірім сұрады және Тверь хоккей клубын айыппұл төлеуге міндеттеді. Сонымен қатар, Ресейдің барлық хоккей клубтарына бұндай кемшілікті қайталамау жөнінде ескерту жолдаған болатын.

Алдыңғы «
Келесі »