Бүгін Алматыда Қытайдан келген қандасымыздың жыр кеші өтеді

  • 08.09.2014
  • 176 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылар Одағының Әдебиетшілер үйінде Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстандағы халықаралық ақындар мүшәйрасының бірнеше мәрте жеңімпазы атанған ақын Серік Қапшықбайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Айдан ары, күннен бері …» атты жыр кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кешке ақынның әдебиеттегі үзеңгілестері мен ізбасар інілері, сондай-ақ белгілі өнер шеберлері қатысады.

Ақын бірнеше жыр жинақтары мен прозалық шығармалар жазды. Ол Қытай Халық Респбуликасында туған, 1956 жылы Шыңжаң институтының тіл-әдебиет факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Шыңжаң оқу-ағарту» журналында бастаған. 1984 жылы «Тарбағатай» журналының бас редакторы, 1994 жылы атажұртқа қоныс аударған соң «Балдырған» журналында бөлім редакторы болып қызмет атқарды. 1986 жылы «Жылдар арасында» таңдамалы өлеңдер жинағы үшін ҚХР Мемлекеттік сыйлығын иеленді, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Ақынның «Тас», «Жылқы ішінде ала жүр», «Жоқ», «Күншығыс», «Жер басып жүргендер», «Бала» атты кітаптары жарық көрген, деп хабарлайды kazaitys.kz.

Алдыңғы «
Келесі »