Астанада «Стратегия-2050 – Қазақстандық жол» форумы өтеді

  • 07.09.2014
  • 371 рет оқылды
  • Пікір жоқ

8 қыркүйек күні Астанада Назарбаев Университетінде «Стратегия-2050 – Қазақстандық жол» республикалық форумы өтеді.

Бұл туралы  strategy2050.kz «Қазақстан саясаткерлерінің конгресі» республикалық қоғамдық ұйымына сілтеме жасап хабарлады.

 «Форумда 2014 жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ ғылыми пішіндер талқыланады», – делінген хабарламада.

Шараға Қазақстанның барлық аймағынан 100 делегат: ұстаздар, сарапшылар, саясаттанушылар, Президент Әкімшілігінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясының жетекшілері мен меморган қызметкерлері қатысады.

Алдыңғы «
Келесі »