Ақмола облысында қарттар үйінің директоры мүгедектердің зейнетақысын өзі алып отырған

  • 07.09.2014
  • 352 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Ақмола облысының прокуратурасы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің директоры үстінен түскен арызды қарады.

Онда  мүмкіндігі шектеулі азамат  директордың қарттар мен мүгедектердің зейнетақыларын өзі алып  отырғаны туралы жазады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының сайтында хабарланды.

Арыз-шағымды қарау барысында мүгедектердің құқығы қорғалып, оларға 1 млн.теңге көлеміндегі ақшалары қайтарылды.

«Жалпы прокуратура органдары 2014 жылдың бірінші жартысында арыздарды қарау бойынша 1 693 прокурорлық бақылау актісін шығарды» – делінген хабарламада.

 

Алдыңғы «
Келесі »