ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІ БЕЛГІЛІ, САЙЛАУШЫЛАР ТАҢДАУЫ КІМДЕ?

  • 08.02.2012
  • 497 рет оқылды
  • Пікір жоқ

15 қаңтар – Парламент Мәжілісі сайлауының күні

Сонымен өткен жылдың қараша айында ІV шақырылған Мәжіліс депутаттары өз жұмысын тоқтатты. Оның бірден бір себебін Елбасы Н. Назарба¬ев бұрынғы депутаттардың тек бір ғана партиядан тұ¬ратындығын, мұның өзі халықаралық қауымдас¬тықтың талабына сай келмейді деп атап көрсетті. Енді алдағы сайлауды демократияның негізгі принциптеріне сүйеніп, Мәжілісті кемінде екі партия¬дан жасақтау. Осыған орай елдегі саяси пар¬тиялар өздерінің съездерін өткізіп, партиялық тізіммен өз кандидаттарын тіркеді.

Еліміздің әділет органдарында ресми түрде тіркелген партиялардың саны 10 болса, олардың 8-і саяси додаға түсуге бел буып отыр. Қазақстанның коммунистік партиясы қызметі сот шешіміне бай¬ланысты жұмысын уақытша тоқтатуына сәйкес бұл додадан сырт қалды. Ал «Азат» партиясы бұл сайлауда ЖСДП-мен күш біріктірмек. Осыған орай ОСК сайлауға түсетін партиялардың тізімін анықтап, жеребе бойынша олардың сайлау бюлле¬тен¬дері бойынша реттік орналасу тәртібін белгіледі. Олар:

1. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партия¬сы.

2. Қазақстанның Патриоттары партиясы.

3. Руханият партиясы.

4. Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы.

5. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.

6. Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы.

7. Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы.

8. «Әділет» демократиялық партиясы.

Елдің басты саяси науқаны туралы ақиқат айтылып, сайлау межесі белгіленісімен еліміздегі ең ірі партиялардың бірі – «Нұр Отан» ХДП өзінің к嬬зектен тыс ХІV съезін өткізіп, сайлауалды тұғырнамасын бекітті, мәжіліске өтетін үміткерлердің тізімін жариялады. Тізім бойынша 127 кандидат тіркелді. Олардың арасында Республиканың Мемле¬кеттік хатшысы – Қ. Саудабаев, облыс әкімдері С. Дьяченко, Б. Ізмұхамбетов, С. Кулагин, экс сенатор Қ. Сұлтанов, генерал Б. Ертаев, спортшы Е. Ыбыраимов, саясаткерлер Д. Назарбаева, М. Әшімбаев, О. Жұмабеков және т. б. бар.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Парламент сайлауында фаворит ретінде аты аталып жүрген бірден бір партиялардың бірі. 2002 жылы құрылған партия осы жылдар ішінде құрылымдық, кадрлық жағынан, тіпті басшылығы жағынан да көп өзгеріске ұшырады. Соған қарамастан еліміздің саяси науқандарынан қалыс та қалып көрген жоқ. Осыған орай партия өздерінің кезектен тыс Х съезін өткізді. Онда сайлауалды тұғырнамасы бекітіліп, Мәжіліс сайлауына 79 үміткерді ұсынды. Олардың қатарында партия басшысы Азат Пе¬ру¬ашев, қоғам қайраткері Амангелді Айталы, жазушы Смағұл Елубаев, ақын Исраил Сапарбаев, Серік Тұрғынбеков, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев, т. б. бар.

Сенат депутаты Ғани Қасымов басқаратын «Па¬тр謬оттар» партиясы сайлауалды бағдарламасын қа¬былдап, Мәжіліске ұсынылатын 22 үміткердің есімін анықтады. Айта кету керек, бұл партияның пар¬тиялық тізіміне «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов та еніп отыр. Сондай-ақ партия атынан сайлауға түсетіндердің арасында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Людмила Воронина, Халық әртісі Хафиз Есімов бар.

Сайлауда екінші орын алатындығына сенімді бол¬ған «Руханият» партиясының артынан ши шықты. Себебі партияның бұрынғы басшысы Алтыншаш Жағанованың талап арызынан кейін ОСК-ның шешімімен сайлаудан аластатылды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 2012 жылғы 15 қаңтарда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына 57 үміткердің тізімін бекітті. Олардың арасында Тоқтар Әубәкіров, Болат Әбілов, Рысбек Сәрсенбай, Балташ Тұрсымбай, Жармұхан Тұяқбай, Маржан Аспандиярова, Петр Своик секілді танымал тұлғалар бар.

Қазақстанның Коммунистік Халық партия¬сының кезектен тыс VІ съезіне 14 өңірден 64 делегат келіп, сайлауалды бағдарламасын пысықтап, 23 үміткердің тізімін бекітті. Оларды орталық коми¬теттің хатшылары Жамбыл Ахметбеков пен Владислав Косарев бастап баратын болады.

Астанада өткен «Ауыл» социал демократия¬лық партиясының ХVІІІ съезінде партияның тұғырнамасы бекітіліп, сайлауға қатысатын 23 үміт¬кердің есімі анықталды.

Сайлаудан 13-15 пайыз дауыс алуды үміт етіп отырған «Әділет» демократиялық партиясының кезектен тыс VІІ съезінде 61 үміткердің тізімі жасақталды.

Сонымен саяси партиялар Мәжілістегі 98 мандат¬қа 386 үміткердің тізімін ұсынып отыр. Бұл жолы Конституция талаптарына сәйкес мұның барлығы бір партиядан жасақталмайтынын ескерсек әңгіме қай партияға қанша орын тиетіндігінде болып отыр. Ендеше үміткерлердің тізімі бекітілгенімен кімнің аты озып келерін алдағы уақыт көрсететін болады.

Алдыңғы «
Келесі »