Арқалық қаласын дамытуға көңіл бөлу қажет – Н.Назарбаев

  • 03.09.2014
  • 193 рет оқылды
  • Пікір жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңірдің жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Арқалық қаласын дамытуға көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

«Қазақстан Президенті Арқалық қаласын дамытуға көңіл бөлу қажеттігіне, жаңа теміржолдың ашылуына байланысты ол үшін жаңа мүмкіндіктер мен жұмыс орындары пайда болып жатқанына тоқталып өтті», делінген хабарламада.

Алдыңғы «
Келесі »