ҚР Президенті ССКӨБ қызметкерлеріне кәсібіне адалдықтары үшін алғыс айтты

  • 03.09.2014
  • 392 рет оқылды
  • Пікір жоқ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің  (ССКӨБ) 60 жылдығын мерекелеуге Рудный қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы кәсіпорын қызметкерлерін және қала тұрғындарын бұл атаулы күнмен құттықтады және ССКӨБ-те үлкен перспективалар бар екенін атап өтті.

«Бүгінде мұнда өндіріс жаңартылды. Жалпы көлемі 250 млрд. теңгенің 3 үлкен инвестициялық жобасын жүзеге асыруға әзірлік жүргізілуде. 1,5 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», – деді Президент.

Ол қалалықтарға Қазақстан экономикасы үшін дағдарысқа толы жылдары олардың «өз кәсіпорындарына, кәсіптері мен Отанына адал болып қалғандары» үшін алғысын айтты.

«Еліміздегі тұрақтылықтың арқасында біз жаңа міндеттерді жүзеге асырып келеміз. Біз жақын және алыс шетелдерде қандай қақтығыстар мен қауіп-қатерлердің орын алып отырғанын көріп отырмыз. Ондай жағдай біздің басымызға да тууы мүмкін. Алайда біз барлық қиындықтарды жеңеміз», – деді Н.Назарбаев.

Алдыңғы «
Келесі »