ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ДІНИ-САЯСИ ЭКСТРЕМИЗМ мен ТЕРРОРИЗМНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

  • 08.02.2012
  • 781 рет оқылды
  • Пікір жоқ

Шолпан ЖАНДОСОВА,

ҚазҰУ-дің докторанты

Соңғы кездері Орталық Азия әлемдегі радикалды ислам қозғалысы орталықтарының біріне айналды. Иран, Пәкістан, Ауғаныстан сынды мемлекеттердің билік басында тек теократиялық режимдер орын алып қана қоймай, сонымен қатар экстремизмнің теориясы мен практикасын уағыздайтын көптеген ислам ұйымдары әрекет етуде. Мұндай ұйымдардың бірі – Хизбут-Тахрир партиясы. Иорданияда пайда болған партия қысқа уақыттың ішінде аймақтағы ықпалы өте мықты ұйымға айналды. Бұл қозғалыстың ең мықты позициялары Өзбекстан мен Тәжікстанда орналасқан. Қырғызстанда да, бірінші кезекте этникалық өзбектер арасында Хизбут-Тахрир қолдаушыларының саны өсуде. «Хизбут-Тахрир партиясы қырғыз филиалының құрамы бойынша көбіне жастар және негізінде, республиканың оңтүстігіндегі халықтың өзбек бөлігінің арасында қолдау табуда. Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің мәліметтері бойынша, ұйым мүшелерінің 90 пайызын өзбектер, 10 пайызын қырғыздар құрайды» [1]. Қозғалыстың өз қолдаушылары Қазақстанда да бар, әсіресе оңтүстік облыстарда.

Орталық Азия аймағына төнетін террористік сипаттағы қауіптерді шамамен 30 жыл жүріп жатқан индо-ауғандық аймақтан туындайтын оңтүстік-батыс, шығыс, негізін ұйғыр сепаратистері құрады және Кавказдағы конфликтермен байланысты солтүстік-батыс деп шартты түрде бөлуге болады.

Соңғы екі қауіп, әсіресе «Шыңжаң – ұйғыр проблемасы» көп көрші елдердің қауіпсіздік мәселелеріне әсер ететін созылмалы этноконфессионалдық және әлеуметтік-саяси жанжалдардың нағыз мысалын көрсетеді. Былайша айтқанда ислам мемлекетін құруға, соның ішінде зорлық әдістерімен, құқықтарын жариялайтын сепа¬ратистік және діни күштердің ресми билікке қарсылығының көпғасырлық тарихы бар, бірақ соңғы онжылдықтарда ерекше өзекті болуда.

Халықаралық террористік және экстремистік ұйымдар интеграциясының қазіргі уақытта қалыптасқан тенденциясы ұйғыр сепа¬ратистерінің қызметінде нақты көрінеді, олардың «Аль-Каида», «Өз¬бекстанның ислам қозғалысы» және «Хизбут-Тахрирдағы» «әріптестерімен» тығыз байланыстары ұйғыр террористік топтарының қызметінің СҰАА тыс алыс¬қа таралуына ықпал етеді. Бұл жағдайда СҰАА шыққан экстремистер шығыс флангтағы «тұрақсыздықтың доғасын» құрайды. Саяси география теориясымен сәйкес, Шыңжаң – Ұйғыр автономдық ауданы (СҰАА) Қазақстан Республикасымен шекаралас және де негізінде барлық Орталық Азия мемлекеттерінде ұйғыр диаспорасының үлкен контингентінің өмір сүру жағдайы мықты негативті факторлардың бірі болып табылады. Бұл факторлар орын алып отырған үлкен геосаяси ойынның ұсақ тиынына айналуы мүмкін [2].

Қазақстан – Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы ұлтаралық және діни негізде ауыр конфликтілер болмаған жалғыз мемлекет. Тәуел¬сіздік жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында аса ірі террористік көріністер тіркелмеген. Дегенмен, беделді тәуекелдерді бағалаудың эксперттік тобын (ARG) басқаратын Д. Сатпаевтің айтуынша, «Қазақстан үшін тікелей қауіпті ұйғыр факторы төндіреді. Республиканың аумағында төрт заңсыз ұйғыр террористік ұйымдары қызмет етеді, олар Шыңжаңдағы қытай билігіне қарсы қастық қызмет жүргізеді. Оларға: «Шығыс Түркіс¬танды босатудың ұлттық фронты», «Шығыс Түркіс¬танның тәуелсіздігі үшін қозғалыс», «Ұйғырстандық еркіндік ұйымы» және «Шығыс Түркістандық қоры» жатады. Бұл ұйымдар, кейбір эксперттердің пайымдауынша, антиқытайлық әрекеттердің өсуіне мүдделі мемлекеттер – Түркиямен және Америка Құрама Штаттарымен қаржыландырылады».

Д.Сатпаевтің айтуынша, республиканың аумағында басқа потенциалды терроризмнің көзі күрдтік ұйымдар, соның ішінде Күрдістанның жұ¬мысшы партиясы болуы мүмкін. Ұйғырлар жағдайы сияқты бұл қауіптер Қазақстанда жеткілікті үлкен күрд диаспорасының өмір сүруімен байланыс¬ты, ол Қазақстан мен Түркия арасындағы тығыз байланыстарға өте сақ болуда.

Халықаралық терроризм мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында ауыр қауіптердің бір – заңсыз миграция проблемасы болып табылады. Бұл арна террористік ұйымдармен жоспарланған акцияларды орындаушыларды жеткізу үшін қолданылуы мүмкін, сонымен қоса, Қазақстанның аумағын қолдана отырып, бұл, мысалы, Орталық Азия моджахеттерінің «Жамаат» террористік тобымен жүзеге асырылды [3].

Оперативті мәліметтерге сәйкес, қазіргі сәтте Қазақстан Республикасының аумағында террорис¬тік көріністер үшін нақты алғышарттар жоқ. Бірақ дегенмен халықаралық террористік құрылымдарымен өздеріне жақтастар жасақтауға бағытталған сыртқы ықпал етудің әрекеттері жоққа шығарылмайды. Солай, халықаралық терроризмнің және экстремизмнің белсендігінің артуымен байланысты Орталық Азиядағы қалыптасқан жағдай өте қауіпті болып тұр.

Біріншіден, Ауғаныстандағы террористік инфроқұрылымды жою бойынша әскери операция аяғына дейін жеткізілмеген. Бұдан әрі, «Талибан» қозғалысында бұрынғыдай елде өзінің көп жақтас¬тары бар, ал басқа ауғандық террористік ұйымдардың қалдықтары Орталық Азия мен Кавказдың бірқатар жасырын экстремистік ұйымдардың лидерлерімен байланыстарды қалпына келтіруге тырысуда.

Екіншіден, Өзбекстанның ислам қозғалысы, «Хизбут-Тахрир» атты террористік және экстремис¬тік ұйымдардың Орталық Азиядағы қызметі белсендігінің артуы туралы мәліметтер пайда болды, бұл ұйымдардың лидерлері «Аль-Каида» мен «Талибанның» басшыларымен байланыстарды қалпына келтіруге, аймақтағы өзінің іс-әрекеттерінің координациясын қалпына келтіруге тырысуда. Әлемде халықаралық террористік ұйымдардың интеграциясы жүріп жатқанымен бұл жағдай ті¬келей байланысты. Талибан экстремистері мен Өзбек¬станның ислам қозғалысынан бастап шешен сепаратистері мен қытайлық Шыңжаңның «тәуел¬сіздігі үшін күресшілердің» тығыз өзара ықпалдас¬тығы мысал бола алады.

Үшіншіден, Терроризм мен экстремизмнің қауіпті есірткінің заңсыз айналымымен тығыз байланысты, оның көздерінің бірі Ауғаныстан болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының эксперттік тобының мәліметтеріне сәйкес бұл елдің үлесіне шикі апиын әлемдік өндірісінің шамамен 75 пайызы келеді. Сонымен қоса Орта Азиялық бағыт әлемдік нарықтарға есірткі тасымалының басты арнасы болып табылады, өйткені, эксперттердің бағалауы бойынша Ауғаныстанда өндірілетін есірткінің 65 пайызы осы аймақ арқылы өтеді. Есірткіні кедергісіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін аймақта қылмыстық топтар есірткі трафигі жолдарының бойында өзіндік «тұрақсыздық коридорын» құруға баруы мүмкін, яғни былайша айтқанда «солтүстік бағыт» бойынша.

Төртіншіден, орта мерзімді міндет ретінде халықаралық террористік орталықтар Ферған даласында ислам мемлекетін – Халифатты құруды қарастырады. Бұл жобаны жүзеге асыру өмір сүріп отырған мемлекеттіліктің формаларын зорлықпен бұзуды білдіретіні түсінікті, кем дегенде үш елде – Өзбекстанда, Тәжікстанда және Қырғызстанда [4].

Сонымен, исламдық ұрандарды жамылатын халықаралық терроризм және экстремизм аймақ елдері үшін жүйелі және ұзақ мерзімді сипаттағы қауіпті білдіреді. Бұл күштердің компромисі және «бейбітшілігінің» мүмкіндігі екіталай. 1999 жылы ақпанда Ташкенттегі жарылыстар, 1999-2000 жылдары тамызда Қырғызстанның оңтүстігіндегі оқиғалар, сонымен қоса 2000 жылы тамыз-қыр¬күйектегі Өзбекстанның Сурхандаря облысындағы оқиғалар жоғарыдағы шешімнің жарқын дәлел¬дері болып табылады.

Батыстан да, шығыстан да болсын халықаралық террористік ұйымдары қауіптерінің тамырлары негізі бір: бұл жеке күштердің билікке ұмтылысы, сепаратистік көріністер, террор саяси күрестің қорқыту әдістері мен құралдарының бірі болып қарастырылады. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолында бірқатар маңызды сұрақтарды көрсету дұрыс болып табылады, олар қосымша ойластыруды қажет етеді. Қазақстандағы терроризммен күрес саласындағы қазіргі жағдай терроризмге қарсы тұрудың біртұтас мемлекеттік жүйесін қалыптастыру мәселесімен өзектендіріледі. Осы амалдың қажеттілігі негізгі факторлардың екі тобын туындатады.

Біріншіден, террористік қауіптердің бірінші белгілерінің пайда болуы. Жоғарыда аталғандай террористер Қазақстанды негізінде өзіндік база ретінде қарастырады, онда террористердің негізгі міндеттері көрші мемлекеттерде қастандық әрекет¬терін дайындау бойынша консперативті жұмысты жүзеге асыру үшін Қазақстан азаматтарының ішінен адамдарды дайындау мен жасақтау болып табылады.

Екіншіден, қазіргі уақытта терроризммен күрес¬те, негізінде, тек бір әдіс – күш қолданылады. Сонымен қоса, көп мамандардың пайымдауынша, репрессивті тактика мемлекеттік саясаттың айрылмас элементі ретінде пайдалы рөл атқара отырып, терроризмнің топтық ұйымдасуы мен өсуінің, сонымен қатар, күшеюінің салдарының бумерангтің кері эффектісі болуы мүмкін [5].

Бұл жағдайларда терроризмнің пайда болуы мен таралуының себептері мен шарттарын анықтау мен жоюға бағытталған шаралар толық түрде қолданылмайды. Барлық өзінің күрделілігі мен көпфакторлығы, сонымен қоса сәтті нәтижеге жету¬дің ұзақ перспективасымен антитеррористік күрес¬тегі бұл аспект дегенмен жай оптималды ғана емес, жалғыз дұрыс жол болып табылады.

Алдымен, террористік белсенділіктің өсуі үшін өзіндік «мотивациялық резервуар» болып табылатын потенциалды әлеуметтік базаны азайтуға бағытталған мемлекеттік деңгейде көп жақты пози¬тивті саясат қажет. Бұл саясат идеялық-мотивациялық аспектілерді шешуге, сонымен қоса халықтың жалпы жағдайының әлеуметтік-экономикалық факторларының көтерілуіне бағытталуы керек.

Қазақ исламының идеологиялық негізінің нақ¬ты аспектілері қалыптасуы бойынша бағытталған әрекеттер өте маңызды болып табылады, ол елдегі әлеуметтік-саяси атмосфераға тікелей әсер етуі мүмкін және кезекті позитивті өзгерістердің кумуля-тивті эффектін құруы мүмкін. Террористер игі идеяларды жамылады, психологиялық ерекшеліктерді, мотивациялық аспектілерді жақсы қолданады. Бұл жағдайда мемлекеттің өзі террористік ұйымдардан озық жұмыс істеуі керек және бұл мемлекеттің шаралары басқа, диструктивті, антипатриоттық идеялар мен ұрандарға қарсы иммунитет пен психологиялық тұрақтылықтың көтерілуіне ықпал етеді [6].

Терроризмнің алдын-алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және құқықтық шараларды жетілдіру мемлекеттік органдардың қызметінде жетекші орындардың бірін алуы керек. Сол қызмет¬тер¬дің негізіне терроризмнен туындайтын әр түрлі қарама-қайшылықтар мен жанжалдарды өндіретін факторларға жоспарлы ықпал ету қағидасы салыну керек.

Осымен байланысты исламның радикализациясына жол бермеу үшін экономикалық және әлеу¬меттік шаралардан тыс тұрақты негізде қоғамдық ұйымдар мен құзырлы мемлекеттік органдардың күштерімен осы сұрақты идеологиялық жасақтауын жүргізу қажет. Яғни үнемі ақпараттық-ағартушылық жұмысты жүзеге асыру керек, оның ішіне діни сұрақтарды кең қарастыру, сонымен қоса, радикалды діни ұйымдармен қолданылатын психологиялық манипуляция амалдарын қарастыру жатады.

Әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне және патриотизмді дамытуға халықтың барлық категорияларын тарту бойынша шараларды өткізу өте маңызды. Бұдан басқа, қазіргі кезеңде жеке ислам ұйымдары мен беделді мұсылман лидерлерімен мүмкін байланыстарды іздеу бойынша жалпы мемлекеттік шаралар комплексі қолға алынуы керек. Әлеуметтік қарама-қайшылықтарды сонымен қоса коррупцияны жою, экономиканы дамыту және азаматтар жағдайын өсіру жолдарымен шешу қажет. Бұл процестерді зерттеу маңызды және қажетті болып табылады, өйткені экстремистік және террористік көріністерге тосқауыл жасау бойынша олардың қалыптасуының және ұйымдық құрылымдардың дамуын болдырмау бойынша алдын-алу шараларын өз уақытында анықтап, қолға алуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы «
Келесі »