Мемлекет басшысы Режеп Ердоғанның инаугурациясы рәсіміне қатысты

  • 29.08.2014
  • 600 рет оқылды
  • 1

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның инаугурациясы рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Р.Ердоған Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының отырысында салтанатты жағдайда ант қабылдады, содан кейін Чанкая президенттік сарайында 11-президент Абдулла Гүлден президенттік өкілеттікті қабылдап алу рәсімі өтті. 

Түркия Президентін ұлықтау рәсіміне әлемнің шамамен 90-ға жуық елінің және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері, шетел мемлекеттерінің елшілері, депутаттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Алдыңғы «
Келесі »

1 Пікір бар

  1. Жасасын түркі баласы!!!

Пікірлерге тыйым салынады.